WhatsApp мессенджерінің өз ақшасы пайда болады

Компания келеңсіздіктердің санын азайту үшін доллармен байланыстырылған цифрлық ақша жасап жатыр. Facebook-тегі анонимді ақпарат көздерінің хабары бойынша, өнімнің дайын болуы үшін әлі көп уақыт қажет. Қазір мамандар виртуалды валютаны қорғау стратегиясын ойластыруда. IT-сарапшылары Facebook-тің финанстық қызметтерін 2014 жылы болжаған екен. Ол кезде компания PayPal-дың бұрынғы президенті Дэвид Маркусты Messenger-ды жасауға жалдаған. Жақында ол блокчейн жасайтын команданы басшылыққа алды. WhatsApp Үндістанда белсенді қолданылады: оның бұл елдегі аудиториясы 200 миллионнан асады.
Мемлекет, сонымен қатар, жасалған ақша аударымдары бойынша да алдыңғы орынды иеленеді: 2017 жылы Үндістанға 69 миллиард доллар аударылған. 2018 жылы Үндістанда WhatsApp желісі арқылы таралған жалған ақпараттар кісі өліміне себепші болды. Адамдар "бала ұрлаушылардың" мекен-жайы жазылған жалған хаттар алып, өзіне оғаш көрінген адамдарды жазалаған. Бірнеше айдың ішінде тергеусіз соттың кесірінен елде бірнеше ондаған адам қаза тапты.
kaz.tengrinews.kz