Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жылдық инфляция 20 пайыздан асты

Қазақстанда жылдық инфляция 20 пайыздан асты

2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда инфляция былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайыздан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
    "2022 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,3 пайыз болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4 пайызға, ақылы қызметтер 14,1 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, желтоқсанда қияр 35,6 пайызға, қызанақ 14,6 пайызға, тәтті бұрыш 8,4 пайызға, пияз 7,9 пайызға, қызылша 3,8 пайызға қымбаттаған.

    "2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7 пайызға, кір сабын 87,6 пайызға, кеңсе тауарлары 70,3 пайызға қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде сұйытылған газ (баллондарда) – 23 пайызға, қырыққабат 15,2 пайызға арзандады", - делінген хабарламада.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелген – әрқайсында 1,9 пайыздан (республикалық орташа деңгейден 0,7 п.т. жоғары), ең төмені Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында – әрқайсында 0,7 пайыздан.
04 қаңтар 2023 ж. 766 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930