Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға ақша салған үздік он елдің тізімі жарияланды

Қазақстанға ақша салған үздік он елдің тізімі жарияланды

Үкіметтің инвестициялық штабы шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылдың қорытындысы қаралды, деп хабарлайды sputnik.kz ведомствоның баспаөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 28 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
"Экономиканың негізгі салаларында жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 199 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 2023 жылы 1,9 трлн теңгеге тағы 281 жобаны іске қосу жоспарланып отыр", - дейді Айдаров.
Өткен жылғы инвесторлардың үздік ондығы:
  • Нидерланды;
  • АҚШ;
  • Швейцария;
  • Бельгия;
  • Ресей;
  • Оңтүстік Корея;
  • Қытай;
  • Франция;
  • Ұлыбритания;
  • Германия;
Штаб отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының тапсырмасын да еске салды. Үкімет 2029 жылға дейін $150 млрд шетелдік инвестицияларды тартуға міндетті.
"Биыл экономикаға кем дегенде $24 млрд шетелдік капиталды тартуға тиіспіз. Министрлер мен әкімдер экономиканың басым секторларында шетелдік капиталдың қатысуымен жаңа әрі сапалы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауы керек", — деді үкімет басшысы.
29 мамыр 2023 ж. 361 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 189

Түйе бағу – тиімді кәсіп

09 қыркүйек 2025 ж. 144

Жолдар жаңарып, жаңғыруда

09 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930