Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк инвестициялық жобалар саласында алаяқтықтың жаңа түрлері шыққанын ескертті, - деп хабарлайды massaget.kz.
Ұлттық банк мәліметінше, алаяқтар биржа саудасында тез ақша табудың қарапайым тәсілдері көрсетілген жарнамалық роликке толы сайттар мен мобильді қосымшаларды жасайды. Алайда олар ұсынатын қаржылық даму бағдарламасы шын мәнінде жоқ.Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің айқын белгілері бар. Себебі:
  • Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жүргізбейді;
  • Ұлттық банк мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлемейді;
  • ресурстарда қысқа уақыт ішінде жоғары пайдаға жалған кепіл беретін ақпарат қамтылады, байланыс дерегі жоқ;
  • алаяқтар бейресми нөмірлерден белсенді қоңырау шалып, жалған құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады;
  • іс жүзінде активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

05 мамыр 2023 ж. 335 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930