Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр пияз бағасының өсуін түсіндірді

Министр пияз бағасының өсуін түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі пияз тапшылығы мен бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Иә, Магнум, Смолл желілерінде пияздың бағасы 340 – 400 теңге. Бұл пияз айналасындағы соңғы уақыттағы ажиотажға байланысты. Пияз нарығындағы жағдайды бақылап отырмыз. Өткен жылы елімізге 1,5 миллион тонна пияз әкелінді. Оның 1 миллион 100 мыңы Жамбыл облысына жеткізілді. Кейін пияз экспорттаушы Пәкістандағы табиғи құбылыстардың салдарынан (су тасқыны, ауа райының аяқ астынан суытуы) пияз жеткізу көлемі азайды. Сонымен қатар көршіміз Өзбекстанда пиязға сұраныс артты. Осы жағдайларды ескере отырып, біз пияз экспортына уақытша шектеу қойдық», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет үйінде өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, пияз бағасы бақылауда.

«Бүгінде Жамбыл облысында 100 мың тонна пияз қоры бар. Бұл келесі егіс маусымына дейін жеткілікті. Қазір көтерме баға 150 теңгеден 230 теңге арасында ауытқуда. Бұл құбылыс логистикамен байланысты. Жақын арада мәселе реттеледі. Елімізде пияз бар. Статистикаға сүйенсек, ақпанның басында, Астанада пияздың келісі 190 - 210 теңге болды», - дейді ол.
07 ақпан 2023 ж. 549 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930