Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тыйымға қарамастан, криптовалюта саудасы қызып барады

Қазақстанда тыйымға қарамастан, криптовалюта саудасы қызып барады

Миллионнан астам Қазақстан азаматы биржада криптовалютамен емін-еркін сауда жасап жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл бейресми дерек. Қаржы аударымдарының бұл түріне тыйым салынғанына қарамастан, олардың саны күн сайын арта түсуде.
Цифрлық майнинг нарығындағы осы сынды заңсыздықтарды реттейтін құжат парламент қабырғасында біраздан бері талқыланып жатыр. Мәжілісмендер мақұлдап жіберген заң жобасынан сенаторлар кінәрат тауып, бүгін Төменгі палатадағы әріптестеріне кері қайтарды.

Бүгінге белгілісі, "Астана" халықаралық қаржы орталығының өкілі атап өткендей, елде 8 криптобиржа тіркелген. "Тағы 19-ын тіркеу жоспарда", - дейді Ернұр Рысмағамбетов. Ондағы операциялар көлеңкелі болып есептелетініне қарамастан, миллионға тарта отандасымыз оны жыр демей, белсенді қолдануда. Ал заң бойынша Қазақстанда тек рұқсаты бар майнерлер жұмыс істей алады. Атап өту керек, бүгінде цифрлық майнинг табысы жоғары қызмет түрі болып саналады. Бірақ қазір қазақстандық майнерлер өз күшін шетелдік пулда біріктірді. Осыған байланысты уәкілетті органдар олардың нақты табысын айта алмай отыр.

“Цифрлық активтер индустриясын дамыту алдағы 10 жылдықта дәстүрлі басымдықтарды өзгертеді. Сондықтан осы саланы реттеу тетіктерін алдын ала қарастыру өте маңызды. Қазақстандық қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мақсатында қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген қаржылық актив және қаржы құралы ретінде танылмайды”, – деді Сенат депутаты Бекболат Орынбеков.
20 қаңтар 2023 ж. 562 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 56

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 61

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930