Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар үшін жер телімін алу қолжетімді бола түспек

Қазақстандықтар үшін жер телімін алу қолжетімді бола түспек

Жер халыққа қолжетімді болуы үшін Үкімет арнайы ақпараттық жүйе әзірледіЖерге иелік ету бұрынғыдан оңайырақ болу керек. Мәжілісмендер осындай өзгеріс енгізілген жылжымайтын мүлік туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл жер аламын деушілердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге тиіс дейді цифрлық даму министрлігі, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Себебі бұл қызметті бүгінде қағазбастылық жайлаған. Жер халыққа қолжетімді болуы үшін Үкімет арнайы ақпараттық жүйе әзірлепті. Цифрлық кадастр арқылы азаматтар өзіне ұнаған бос жерді таңдай алады. Ары қарай тұтынушының арызы жауапты мекемелерге жолданып, келісіледі. Кейін тұрғындар өз өтінішінің қай сатыда екенін электронды үкімет порталы арқылы бақылап отырады.
Сондай-ақ бұған дейін азаматтар өз иелігіндегі жерге және ондағы жылжымайтын мүлікке бөлек құжат дайындайтын еді. Енді барлығын бір құжатқа сыйдырып рәсімдейді.
«Сәулет органдары өтініш келіп түскенен кейін сұратылып отырған жер учаскесінің Бас жоспарға және орналастыру жоспарларына сәйкестігін, нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін айқындайды, сонымен бірге қолданыстағы инженерлік коммуникацияны көрсете отырып жер учаскесін бөлу схемасын дайындайды», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.
27 қазан 2022 ж. 400 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 118

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 72

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 32

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031