Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » HONOR 70 смартфоны Қазақстанда сатылымға шығады

HONOR 70 смартфоны Қазақстанда сатылымға шығады

HONOR компаниясы Қазақстанда HONOR 70 смартфонының сатылымға шығатынын хабарлайды. Жаңа флагман бейнелерді кәсіби камерамен түсірудің керемет мүмкіндіктерімен, ультра таза OLED экраны және жылдам зарядтау технологиясымен жабдықталған. Смартфон 2022 жылдың 3 қарашасынан бастап “Мечта” электроника сауда желісінде баршаға қолжетімді болады.
Кәсіби деңгейдегі түсірілімдер

Базалық аймақтағы жасанды интеллектте орналасқан HONOR-да патенттелген HONOR Image Engine үш камерасы кәсіби сапалы фотосуреттер мен анық, тұнық жарқын кадрларды қолжетімді етеді.

HONOR Image Engine технологиясы негізгі және ультра кең бұрышты камераларды пайдаланып бір уақытта екі кадрды түсіріп, кейін оларды бір суретке біріктіруге мүмкіндік береді. Қорытынды кескіннің анықтығы 80%-ға арттып, жалпы сапасы да жақсарады.

Қос негізгі камералар объективінің бірінде IMX800 сенсоры бар, ол 54 мегапиксельдегі жарықты көбірек түсіріп, сол арқылы жарқын кадрларыңыздың қанық болуын қамтамасыз етеді. 50 мегапиксельдегі ультра кең бұрышты объектив ерекше кескіндердің сапасына кепілдік бере отырып, ауқымды, алыс-жақын нысандарды түсіруге мүмкіндік береді. 32 мегапиксельдегі алдыңғы камера дәл экспозициямен, детальдерді жоғары, жарқын түстермен қанықтырып, фокус арқылы селфи түсіреді.



Смарт бейне фокус режимі

Смарт бейне фокус режимі HONOR 70 құрылғысына кең ауқымда түсірілген бейне мен сол аймақта таңдалған белгілі бір нысанды бір уақытта көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен интеллектуалды автофокусты бақылау арқылы топтық бейнеден белгілі бір адамды бөліп көрсетуге болады. Сол арқылы енді тұтынушылар жаңа форматта контент пен блог түсіре алады.
Жасанды интеллект кадрда таңдалған нысанның орнын есептеп, қадағалайды. Нәтижесінде смартфон кадрдағы жалпы аумақты да, адамдар тобын да, тіпті таңдалған адамды да кадрдың ортасында болатындай етіп бейне жасайды. Фокусты ауыстыру арқылы кадрдағы басқа нысанды ерекшелеуге және әртүрлі пішімдегі бейнелерді түсіруге болады. Бұл режим белгілі бір кейіпкердің өмірін, айналасын көрсеткісі келетін контент жасаушыларға өте қолайлы.

Премиум дизайн мен өте анық OLED экраны

HONOR 70-тің премиум дизайны кез келген стильді образға сәнді жараса кетеді. Смартфон "жарқыраған кристал", "изумрудты жасыл" және "түн ішіндегі қара" деп аталатын үш түсте ұсынылады.

[media=]

Құрылғының корпусының қалыңдығы 7,91 мм. Смартфонның салмағы небәрі 178 г. HONOR 70 экраны 1,07 миллиард көрсетілетін түстерді қабылдап, экран жарығын реттеуді қамтамасыз ету үшін 1920 Гц импульс енін модуляциялау көмегімен жұмыс істейді. 120 Гц-ке дейінгі жаңарту жиілігі мен 300 Гц үлгі жиілігі видеолар мен ойындар ойнау кезінде кескінді біркелкі көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қуатты батарея және жылдам зарядтау

HONOR 70 4800 мА*ч аккумуляторымен жабдықталған. HONOR SuperCharge 66 Вт жылдам зарядтау технологиясы бар сымды қуаттағыштың көмегімен пайдаланушылар смартфонын небәрі 20 минут ішінде 3%-дан 60%-ға дейін қуаттай алады.

Жоғары өнімділік

HONOR зертханасының мәліметтері бойынша құрылғының нақты өлшемдері конфигурацияға, өндіру процесіне және өлшеу әдісіне байланысты өзгеруі мүмкін. Құрылғының қалыңдығы камераның өлшемінсіз 7,91 мм.

Зертхана мәліметтері бойынша жалпы салмаққа батарея кіреді. Пайдаланатын қолданбаларға және экран параметрлеріне байланысты жаңарту жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін.

Лайықты баға мен қолжетімділік

Смартфон Мечта электроника сауда желісінде 2022 жылдың 3 қарашасынан бастап сатылымға шығады. 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін құрылғыны сатып алу арқылы HONOR CHOICE Earbuds X3 сыйлығына ие бола аласыз. Сондай-ақ, HONOR 70 сатып алушылары үшін Kaspi Bank-тен 0:0:24 бөліп төлеу 4 қарашадан 6 қарашаға дейін жалғасады. Ал Мечта желісінде 3 қарашадан 21 қарашаға дейін 10% кэшбэк қолжетімді.


HONOR 70-нің ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 8+128 ГБ нұсқасы үшін 279 990 теңге болса, максималды 8+256 ГБ нұсқасы үшін 299 990 теңге тұрады.
03 қараша 2022 ж. 461 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031