Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін айтты

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін айтты

ҚР Ұлттық банкі 2022 жылдың 1 сәуірі бойынша валюта нарығындағы жағдайға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлемдегі қаржылық нарықтар наурыз айында геосаяси ахуалдың ушыға түсуіне байланысты құбылмалы күйде бодды. Сыртқы қысымдардың ел экономикасына ықпалын азайту үшін және ішкі валюта нарығында теңгерім сақтау үшін наурыз айының ортасында Ұлттық банк бірнеше рет валюта интернвенциясын жасады. Ай соңындағы қорытынды бойынша интервецниялардың көлемі 990,5 млн АҚШ долларына тең болған. Басқаша айтсақ, биржадағы сауда-саттықтың 29%-ы интервенциялық шараларға тиесілі», - деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін 890,9 млн доллар сатылған. «Ұлттық банктен жасалған интервенциялар мен Ұлттық қордан валюта сату үлесі биржадағы жалпы-сауда саттықтың 55% пайызына тең болды. Ұлттық банк БЖЗҚ және өзге де сенімгерлік басқарудағы қорлардың активтеріне шетел валютасын сату және сатып алу операцияларын жүргізген жоқ. Геосаяси шиеленіс қатты ширыққан 15 наурызда 1 АҚШ долларының құны 512,17 теңге болды. Бірақ, кейін ұлттық валюта қайта нығая бастады. 31 наурызда KASE биржа алаңындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 1 доллардың құны 467,03 теңге болды. Яғни, наурыз айының басынан бері ол 5,7% нығайған. Теңге халықаралық қаржы нарығындағы түзетулер мен салық төлемдері түсетін кездің дөп келуі аясында нығайып отыр», - деп жазады Ұлттық банк мамандары. Ұлттық банк сарапшыларының пайымынша, әлемдегі геосаяси жағдай теңге бағамына қысқа мерізідік сипатта әсер етеді. «Соның өзінде Ұлттық банк толыққанды инфляциялық таргеттеуге көше беретінін атап өтеміз. Ол үшін экономикада жеңілдетілген мемлекеттік несиелендіру, айырбас бағамын еркін айналымға жіберу сияқты құрылымдық өзгерістер қажет. Ұлттық банктің қолында жағымсыз сценарилер орындалған жағдайда ішкі қаржы нарығында тұрақсыздық болдырмауға қажет құралдардың бәрі бар және ахуалды бақылап отыр», - делінген Ұлттық банк мәліметінде.


01 сәуір 2022 ж. 660 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930