Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұтыну тауарлары импорттың негізгі драйверіне айналды

Тұтыну тауарлары импорттың негізгі драйверіне айналды

Қазақстанның мұнай мен металл сынды негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағаның айтарлықтай өсуіне қарамастан, төлем балансының ағымдағы шотында тапшылық бар. Алдын ала бағалау бойынша, 2021 жылдың 9 айында оның деңгейі (-)3 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Ұлттық Банкі төлем балансы департаментінің сыртқы секторды талдау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетова тұтыну тауарлары импортының төлем балансы мен теңге бағамына қысымы туралы айтып берді, деп хабарлайды egemen.kz
 Тауар импортындағы жағдай қалай қазір?
– Тауар экспортында өсім болғандықтан, импорт та өсіп келеді. Айта кететін жайт, егер бұрын импорт өсімінің драйвері – аралық тауарлар мен өндіріс құралдары болса, қазір көрініс біршама басқаша: аралық және инвестициялық тауарлардың импорты қысқаруда (-5%), ал байқалып отырған импорттың өсімі тұтыну тауарларының есебінен, ең алдымен, азық-түліктікке жатпайтын тауарлар импортының артуы себебінен болып отыр.
Жыл басынан бері біз тұтыну тауарлары импортының өткен жылға қатысты (2020 жылдың 9 айына +21%-ға) және пандемияға дейінгі 2019 жылға қатысты (+27%) өскенін байқадық. Импорт құрылымындағы халықтық  тұтыну тауарларының үлесі 2020 жылдың 9 айындағы 25%-дан биыл 30%-ға дейін өсті.
Өздеріңіз білетіндей, тұтыну тауарларының импорты азық-түліктен (үлесі – 28%) және азық-түлікке жатпайтын (үлесі – 72%) тауарлардан тұрады.
 – Қазақстан негізінен қандай азық-түлік өнімдерін импорттайды?
– 2021 жылдың 9 айында негізгі импортталған азық-түлік өнімдері – сусындар (141 млн АҚШ доллары), ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (134 млн АҚШ доллары), қант (119 млн доллар), шоколад (109 млн доллар) және құс еті (104 млн АҚШ доллары) болды.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында азық-түлік тауарларының импорты 11%-ға өсіп, 2,4 млрд АҚШ долларын құрады. Ең үлкен өсім сусындар (+60 млн АҚШ доллары) – негізінен, Ресейден; Қытай мен Ираннан – жаңғақтар (+28 млн АҚШ доллары); Ресей мен Беларусьтен – шұжықтар (+21 млн АҚШ доллары); Норвегиядан – мұздатылған балық (+18 млн АҚШ доллары); Эквадордан – банан (+14 млн АҚШ доллары); Ресейден – ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (+13 млн АҚШ доллары) сияқты тауарларды жеткізуде байқалды. Бұл тауарлардың импорты 2019 жылға қарағанда да өскен.
Импорттық азық-түлік өнімдерінің негізгі жеткізушісі – Ресей. Ол жақтан шетелдік азық-түлік өнімдерінің жартысы импортталды. Басқа импорттаушы елдердің ішінде Өзбекстанның үлесі 7,4%, Беларусь пен Қытайдың үлесі, сәйкесінше, 5% және 4,9% алады.
Қазақстанға азық-түлік тауарлары бірқатар себептерге байланысты импортталады. Олардың ең бастысы – қазақстандық өндірістің жеткіліксіздігі. Қант, шұжық, ірімшік, сүзбе, алма, маргарин сияқты тауарлар отандық өндіріспен толық қамтылмай қалып отыр.
Сонымен қатар, импортты ынталандыратын басқа да факторлар бар. Бұлардың арасында шетелдегі неғұрлым қолайлы бағалар да, өнім түрлерінің алуан түрлілігі де, өнімнің жекелеген түрлерін өсіру мен өндірудің климаттық ерекшеліктері де кездеседі.
 –Азық-түлікке жатпайтын тауарларға келсек, әсіресе,  автосалондарда көліктің тапшылығын, тіпті жоқтығын ескере отырып, автокөлік импортындағы үрдістер туралы айтып берсеңіз?
– Биыл азық-түлікке жатпайтын тауарлар импортының жоғары қарқыны байқалды. 2021 жылдың 9 айында азық-түлікке жатпайтын тауарларды жеткізу 2020 жылмен салыстырғанда 25,9%-ға және дағдарысқа дейінгі 2019 жылға қарағанда 30,7%-ға өсіп, 6,3 млрд АҚШ долларын құрады. Ең көп өсімді Ресейден, Өзбекстаннан және Жапониядан – автомобильдер (+501 млн АҚШ доллары, 1 млрд АҚШ долларына дейін), Қытайдан – аяқ киімдер (+164 млн АҚШ доллары, 417 млн АҚШ долларына дейін), Қытай мен Түркиядан – киімдер (+161 млн АҚШ доллары, 627 млн АҚШ долларына дейін), сондай-ақ Ресейден – мониторлар мен проекторлар (+71 млн АҚШ доллары, 164 млн АҚШ долларына дейін) импорты көрсетті. Ішкі сұранысты импорттық азық-түлікке жатпайтын тауарлармен қанағаттандыру – қазақстандық өндірістің жеткіліксіз дамуына байланысты.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар, негізінен, Ресейден (30,1%) және Қытайдан (28,3%) импортталады. Оларды жеткізушілер бестігіне ЕО елдері (14,2%), Түркия (5%) және Өзбекстан (4,8%) кіреді.
Бүкіл әлемде орын алып отырған құрамдас бөліктердің, оның ішінде чиптердің жетіспеушілігінен туындаған өндірістік шектеулерге байланысты автокөліктердің тапшылығын атап өткім келеді. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, биылғы 9 айда Қазақстан нарығындағы көліктердің сатылымы 36,3%-ға өсіп, 86,6 мың данаға жетті. Қарастырылып отырған кезеңде ақшалай импорт екі есеге жуық өсті. Жеңіл автомобильдерді сату қарқынының олардың отандық өндірісінің қарқынынан жоғары болуының себебінен (21%-ға қарсы 30%) қалыптасқан сұраныс дайын автокөліктердің импортын ынталандырады.
Сонымен қатар, отандық автомобиль өндірісі әлі де құрамдас бөліктердің импортына өте тәуелді. Бұл тұрғыда халық сұранысының артуы – дайын көліктерге деген сұранысты және ел ішінде одан әрі құрастыру үшін құрамдас бөліктерді импорттауды ынталандырады.
 – Тұтыну тауарлары импортының бұлайша күрт артуына не себеп?
– Тұтыну тауарлары импортының ұлғаюының негізгі себептері – елдегі экономикалық белсенділіктің қалпына келуі және халықтың төлем қабілеті сұранысының артуы.
Жыл басынан бері ел экономикасының жүйелі түрде қалыпқа келуін байқадық. Мәселен, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 3,4%-ды құрады.
Халықтың төлем қабілетті сұранысына келетін болсақ, ол, әдетте, халықтың өз қаражаты мен тұтыну несиесі есебінен қамтамасыз етіледі. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың 9 айында жан басына шаққандағы халықтың нақты ақшалай табысының да (+5,0%), атаулы табысының да (+13,2%) өсуі байқалды. Халықтың несие қабілеттілігінің көрсеткіші ретінде табыстың өсуі – жаңа тұтынушылық несиелердің көптеп берілуіне ықпал етеді. Осылайша, 2021 жылдың 9 айында жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несиелер – дағдарысты 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал 2019 жылға қарағанда 54,3%-ға өсті.
Отандық өндірістің артта қалуы жағдайында халық тарапынан тұтыну тауарларына сұраныстың белсенді қалпына келуі, сондай-ақ азық-түлік, шикізат, металдар мен автомобильдер бағасы өсуінің жаһандық инфляциялық үрдістері, экономикада проинфляциялық қысым тудыртады. Халықтың төлем қабілеті сұранысының қалыпқа келуі жағдайында, бағаға қысым шетел валютасына сұраныстың артуына байланысты айырбас бағамы арнасы арқылы көрінеді.
Тауарлар импортының ерекшелігі – инвестициялық импорт, көбінесе, тікелей шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Осылайша, мұндай тауарларды сатып алудың валюта бағамына және тұтастай алғанда, валюта нарығына қысымы тұтынушылық импортпен салыстырғанда мардымсыз. Шетелдік тұтыну тауарларының жеткізілімін төлеу үшін валюта ішкі валюта нарығында сатып алынады. Тұтыну импортының айтарлықтай артуы, өз кезегінде, әлемдік мұнай нарықтарындағы оң конъюнктураның валюта бағамының қозғалысына әсер етуіне жол бермей, шетел валютасына сұраныстың артуына әкеледі.


17 қараша 2021 ж. 283 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 86

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930