Қазақстанда дизель отыны қымбаттады
Жазғы дизель отыны бір жыл ішінде сегіз пайызға қымбаттады. Бұл - дизель отыны тапшылығына дейінгі жағдай. Жанармай тапшылығы Ресейден жеткізілген өнім есебінен өтеледі, баға Ресейдегі көтерме бағаға байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл тамыздағы қорытынды бойынша, жазғы дизель отынының бағасы жылына 8,1 пайызға - литріне 199 теңгеге дейін өскен.
Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде жазғы дизель отынының ең қымбат көрсеткіші Қостанайда болды (215 теңге), ең арзаны - Тараз бен Семейде (195 теңге).
Қостанай (14,1 пайызға), Батыс Қазақстан (11,9 пайызға) және Солтүстік Қазақстан (10,6 пайызға) облыстарының тұрғындарына қымбатшылық қиындық тудырды. Бағаның ең аз өсуі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді (жылына 5,8 пайызға).
2021 жылдың қаңтар-тамызында елімізде 3,4 миллион тонна дизель отыны өндірілді, бұл былтырғымен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Ең ірі өндіріс көлемі Павлодар (1,3 миллион тонна, жылына 25,3 пайыз) және Атырау (1 миллион тонна, плюс 1,3 пайыз) облыстарында. 2020 жылы республикада отын өндіру 7,1 пайызға, 4,7 миллионға төмендеді.
Өндіріс көлемі өсуіне қарамастан, республикада дизель отыны жетіспеушілігі байқалады. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл дизель отынын өндіру көлемі 4,9 миллион тоннаға жететінін, бұл жоғары көрсеткіш екенін, бірақ сұраныс та соған сай рекордтық көрсеткіште екенін айтты.
"Біздің есептуіміз бойынша, сұраныс айына шамамен 50-60 мың тоннаға өсті. Қанша дизель өндірсек те, сұраныс өсіп жатыр. Мамыр-қыркүйекте дизель отынына сұраныс 2019 жылмен салыстырғанда 260 мың тоннаға және былтырмен салыстырғанда 480 мың тоннаға өсті. Тамызда 519 мың тонна дизель отыны жұмсалды. Бұрын мұндай болмаған. Қор азайып жатыр. Дизель отынын экспорттау наурызда, бензин қаңтарда тоқтатылды", - деді вице-министр.
Қазақстандық отын өте арзан, сондықтан шекара маңындағы өңірлерде де сатылып жатыр.
"Біздің бағалауымыз бойынша, негізгі себеп дизель отыны бағасының айтарлықтай айырмашылығынан болып отыр. Ірі ЖҚС-де шамамен литріне 207-208 теңге, қалған желілерде - 230-240 теңге. Жыл басынан бері литріне 200 теңге болды. Салыстырып қарасақ, Ресей Федерациясымен литріне 100 теңгеге, Өзбекстанмен - 70-80 теңгеге, Қырғыз Республикасымен - 61 теңгеге айырмашылық бар. Сонымен қатар, транзиттік ағымдар Қазақстан шекараларында жанармай құйып алуға тырысады", - деп түсіндірді Мағауов.
ПМХЗ-дағы жөндеуге байланысты жанармай Ресейден жеткізіледі. Импортталатын газойл бағасы Ресей Федерациясындағы көтерме бағаға байланысты болады.
Еске салайық, дизель отыны тапшылығы көптеген өңірлерде байқалды, дизель тек талон бойынша берілді. Тапшылыққа байланысты Павлодар облысында МХЗ жөндеу жұмыстары кейінге қалды.