Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа кен орны табылды

Қазақстанда жаңа кен орны табылды

Маңғыстау облысындағы Бейнеу және Маңғыстау аудандарының аумағында орналасқан Тепке учаскесінен ТЗ- бірінші барлау ұңғымасынан мұнай бұрқағы атқылады. Алынған сынамалар бойынша мұнай сапасы өте жоғары, жеңіл, күкірті жоқ деп хабарлайды, Egemen.kz.

 Бұл қуанышты хабарды облыс әкімі С.Трұмовпен кездескен Меридиан Петролеум компаниясының президенті Б. Қуандықов жеткізді. Оның айтуынша Тепкедегі кенорын - еліміз тәуелсіздігін алғалы 30 жылда Маңғыстау облысында ашылған алғашқы ең ірі кен орны болмақ. «2018 жылы басталған геологиялық барлау жұмысы нәтижесін берді. Алынған мұнайдың қысымы, дебиті, газдық факторы және басқа да параметрлері бойынша ірі кен орны болады деп жоспарлап отырмыз. Қазір кенорнындағы мұнай қорын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа кенорынның айналасында «Қарақұдық», «Арыстан» және «Комсомольское» кенорындары орналасқан»,-деді Меридиан Петролеум компаниясының президенті Б. Қуандықов.
Жаңа кенорнына аты аңызға айналған геолог-барлаушы, Маңғыстаудағы барлық кенорнын ашуға атсалысқан Халел Өзбекқалиевтың есімі берілді.
Облыс әкімі С.Трұмов аталған мұнай кен орнының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кең серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашылатынын айтты. Ел игілігі үшін жасалып жатқан жаңа бастамаға сәттілік тіледі.


25 ақпан 2021 ж. 3 131 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930