Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалақы алған күні дүкенге жүгірмеңіз

Жалақы алған күні дүкенге жүгірмеңіз

Ақшаны қалай жинауға болады? Иә, бұл сауал қазіргі уақытта қоғамда жиі қойылып жүр.

1. Жалақы алған күні дүкенге жүгірмеу

Отыз күн бойы күткен еңбекақы қолға тиген уақытта, көп адам дүкенге немесе супермаркетке жүгіретіні рас.

«Ай сайынғы табыстың бір бөлігі артылсын» деген жан, бұл ойдан арылу қажет.

Өйткені, қалтада ақша бар кезде, адамдардың біршамасы ойланбай сауда жасайды, қажетсіз дүниелерді сатып алады.

Сол себепті, ең алдымен үйге келіп, керекті заттардың тізімін жасап алған жөн.

2. 50/20/30 қағидаты

Ай сайынғы табыстың тек 50%-ы ғана тамақ, көлік, кредит секілді «міндетті шығынға» жұмсалуы тиіс.
20 пайызын депозит ретінде сақтап қою керек.
Қалған 30%-ы өзі үшін (достармен көңіл көтеру, сұлулық салондары, мейрамхана-дәмхана)
Ақша жинауды мақсат еткен кез келген адамға ай сайынғы табысын осылай бөлуге кеңес береміз.

3. Әр тиынды жазып жүру

Бюджетті жоспарлау – пайдалы іс. Табыс пен шығынды күнделікті жазып отыру арқылы ақшаның қайда жұмсалып отырғанын анық білуге болады.

4. Банк карточкасын сирек қолдану

Қазіргі уақытта адамдардың көбісі ыңғайлы әрі сенімді боғандықтан, банк картасымен есеп айырысуды жөн көреді. Алайда ақша үнемдеуге қатысты жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, банк картасын үнемі пайдаланатындар ай соңында өз шығындарын есептей алмайды екен. Өйткені, кез келген жанға әмияндағы қағаз ақшадан қарағанда көзге көрінбейтін цифрлармен «қоштасу» жеңілірек.

Егер банк картасынан бас тарта алмасаңыз, онда әр есеп айырысқаннан кейін чекті мұқият зерттеп, немесе мобильді қосымша арқылы кеткен шығынды бақылауды әдетке айналдырыңыз.

Сондай-ақ, сізге қызмет көрсететін банктің ақша жинауға қатысты қандай қосымша сервистері бар екенін біліп алған да артық етпейді.

5. «Копилка»

Қанша жерден ескі болғанымен, тиімді тәсілдің бірі. Үлкен әрі әдемі ақша жинайтын сандықша сатып алуды ұсынамыз. Оған тек ұсақ тиын-тебен ғана емес, қағаз ақша да сиятын болсын.

6. Зиянды әдеттерден арылу

Бұл тәсіл тек ақшаны үнемдеуге ғана емес, денсаулығыңызды жақсартуға да сеп болады. Аптасына, айына немесе жылына қанша қорап темекі тартатыныңызды және оған жұмсалатын ақшаны есептеп көріңіз. Осы зиянды әдеттен арылсаңыз, осынша ақша қалтаңызда қалар еді.

7. Тамақты үйде пісіріңіз

Мейрамхана, дәмханалардан тамақтанғанша, үйде тамақ пісіргенді әдетке айналдырған абзал. Себебі қызметкерлердің дені түскі асты жақын маңдағы дәмхана-мейрамханадан ішіп, ай сайынғы жалақысының бір бөлігін соған қалдырады.

8. Қажетсіз заттарды сатып жіберіңіз

Ақша жинаудың тағы бір әдісі – көптен киілмеген бағалы киімдер мен пайдаланылмай тұрған электроника, тұрмыстық техникаларды сатып жіберу. Ол үшін арнайы сайттарға хабарландыру жарияласаңыз болғаны. Тіпті, бұл заттардың кімге керегі бар деп санасаңыз да, хабарландыру беріңіз: сатып алушы күтпеген жерден пайда болуы мүмкін.

9. Қымбат тауардың бәрі сапалы емес

Брендке айналған азық-түлік түрлерінің орнына көпке танымал емес тауарды сатып алу ақшаны әжептәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Қымбат тауардың бәрі сапалы емес екенін естен шығармаған абзал. Мәселен, денеге жағатын крем немесе йогуртты сатып алмас бұрын, оның құрамына назар аударып, бағаларын салыстырып шығыңыз.

Есте болсын: мерчандайзинг ережесі бойынша, кез келген сауда орнында ең қымбат тауарлар көзге бірден көріну үшін жоғарғы сөрелерде орналасады. Ал арзан тауарлар тиісінше төменде.

10. Бес сұрақ ережесін қолданыңыз

Ақша үнемдеуге көмектесетін өте қарапайым тәсіл. Бір нәрсені сатып алмас бұрын өзіңізге мына бес сұрақты қойыңыз:

Бұл қажеттілік пе, жоқ әлде менің қалауым ба?
Маған дәл осы нәрсе керек пе?
Мұны пайдаланып жүргенімді көз алдыма елестете аламын ба?
Мұны қаншалықты жиі қолдана аламын?
Уақытымды сарп етерлік дүние ме?
06 қаңтар 2020 ж. 881 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930