Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Нені дұрыс жасамай жүрсіз?" Ақша жинаудың қарапайым 15 тәсілі

"Нені дұрыс жасамай жүрсіз?" Ақша жинаудың қарапайым 15 тәсілі

Ай сайынғы табыстың бір бөлігін жинап, ақша үнемдеу үшін біз ұсынған қарапайым тәсілдерге жүгініп, материалдық жағдайыңызды жақсартып алуға болады. Ең бастысы, ақша ұқыптылықты ұнататынын естен шығармаған абзал. 

Жалақы алған күні дүкенге жүгірмеңіз
Отыз күн бойы сарыла күткен жалақы қолға тиген кезде, көбінің дүкенге немесе супермаркетке жүгіретіні жасырын емес. Алайда, ай сайынғы табысыңыздың бір бөлігі артылсын десеңіз, бұл ойдан бас тартыңыз. Себебі, қалтада ақша бар кезде, адамдардың дені ойланбай сауда жасайды, қажетсіз дүниелерді сатып алады. Сондықтан, ең алдымен үйге келіп, керекті заттардың тізімін жасап алған жөн. 

50/20/30  қағидаты 
Ай сайынғы табыстың 50%-і тамақ, көлік, кредит секілді "міндетті шығынға" жұмсалады. Ал 20 процентін депозит ретінде сақтап қойыңыз. Қалған 30%-і өзіңіз үшін: достармен көңіл көтеру, сұлулық салондары, мейрамхана-дәмхана. Ақша жинауды мақсат еткен кез келген адамға ай сайынғы табысын осылай бөлуге кеңес береміз. Қымбат тауардың бәрі сапалы емес 
Брендке айналған азық-түлік түрлерінің орнына көпке танымал емес тауарды сатып алу ақшаны әжептәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Қымбат тауардың бәрі сапалы емес екенін естен шығармаған абзал. Мәселен, денеге жағатын крем немесе йогуртты сатып алмас бұрын, оның құрамына назар аударып, бағаларын салыстырып шығыңыз. 
Есте болсын: мерчандайзинг ережесі бойынша, кез келген сауда орнында ең қымбат тауарлар көзге бірден көріну үшін жоғарғы сөрелерде орналасады. Ал арзан тауарлар тиісінше төменде. Сондықтан бір еңкейіп, төмендегі заттарға да қарап жүріңіз.

Әр тиынды жазып жүру Өз бюджетіңді жоспарлау – пайдалы іс.
Табыс пен шығынды күнделікті жазып отыру арқылы ақшаның қайда жұмсалып отырғанын анық білуге болады. 

Банк карточкасын сирек қолданыңыз
Қазір адамдардың көбісі ыңғайлы әрі сенімді боғандықтан, банк картасымен есеп айырысуды жөн көреді. Бірақ, ақша үнемдеуге қатысты жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, банк картасын үнемі пайдаланатындар ай соңында өз шығындарын есептей алмай, жалақысының қайда жұмсалып кеткенін еске түсіре алмай дал болады екен. Себебі, кез келген жанға әмияндағы қағаз ақшадан гөрі көзге көрінбейтін цифрлармен "қош айтысу" жеңілірек. 
Егер банк картасынан бас тарта алмасаңыз, онда әр есеп айырысқаннан кейін чекті мұқият зерттеп, немесе мобильді қосымша арқылы кеткен шығынды бақылауды әдетке айналдырыңыз. 
Сондай-ақ, сізге қызмет көрсететін банктің ақша жинауға қатысты қандай қосымша сервистері бар екенін біліп алған да артық етпейді. 

Комиссия ретінде кететін ақшаны азайтыңыз
Егер сіз бөтен банкоматтан ақша шешіп алуға бел бусаңыз, бұл қызмет үшін үстіне пайызбен ақша төлеуге дайын болыңыз. Бір қарағанда, ол сізге ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Алайда басқа төлем жүйесі арқылы тұрақты түрде ақша аударып, қолма-қол ақша алу қалтаңызды жұқартатыны анық. "Копилка" 
Қанша жерден қарабайыр көрінсе де, өте тиімді тәсіл. Өзіңізге үлкен әрі әдемі ақша жинайтын сандықша сатып алыңыз. Оған тек ұсақ тиын-тебен ғана емес, қағаз ақша да сиятын болсын. 

Күтпеген жерден табысқа кенелсеңіз, оны міндетті түрде сандықшаға салып қойыңыз.
Айталық, жалақыңыз өсті – ай сайынғы табысыңыздың 10-15 процентін "копилкаға"  жіберіңіз. 
Кабельді телевизияны ауыстырыңыз
Үйіңіздің төрінде тұрған "көк жәшікте" жүздеген телеарна көрсетеді. Бірақ, сіз күнделікті сол телеарналардың әрі кетсе тек онын ғана көресіз. Сондықтан өз операторыңыздан аз ақшаға іріктелген каналдар пакетін сатып алу мүмкіндігінің бар-жоғын анықтап алыңыз. Ал, ең дұрысы, кабельді телевизияны сөндіріп, интернеттің көмегімен компьютер арқылы теледидарға сигнал беру. 
Бес сұрақ ережесін қолданыңыз

Ақша үнемдеуге көмектесетін өте қарапайым тәсіл. Бір нәрсені сатып алмас бұрын өзіңізге мына бес сұрақты қойыңыз: 
  • Бұл қажеттілік пе, жоқ әлде менің қалауым ба?
  • Маған дәл осы нәрсе керек пе?
  • Мұны пайдаланып жүргенімді көз алдыма елестете аламын ба?
  • Мұны қаншалықты жиі қолдана аламын?
  • Уақытымды сарп етерлік дүние ме?
 Қажетсіз заттарды сатып жіберіңіз
Ақша жинаудың тағы бір әдісі – көптен киілмеген бағалы киімдер мен пайдаланылмай тұрған электроника, тұрмыстық техникаларды сатып жіберу. Ол үшін арнайы сайттарға хабарландыру жарияласаңыз болғаны. Тіпті, бұл заттардың кімге керегі бар деп санасаңыз да, хабарландыру беріңіз: сатып алушы күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. 

Көлік 
Ай сайынғы шығындар тізімінің алдыңғы қатарында тамақтан кейін бензин мен жолақы тұр. Жазда аптасына екі-үш рет көлікті үйге қалдырып, жұмысқа велосипедпен баруға болады. Денсаулыққа да, қоршаған ортаға да пайдалы. Ал қыста метро немесе қоғамдық көлікке отырыңыз. 

Зиянды әдеттерден арылу 
Бұл тәсіл тек ақшаны үнемдеуге ғана емес, денсаулығыңызды жақсартуға да сеп болады. Аптасына, айына немесе жылына қанша қорап темекі тартатыныңызды және оған жұмсалатын ақшаны есептеп көріңіз. Осы зиянды әдеттен арылсаңыз, осынша ақша қалтаңызда қалар еді. 

Тамақты үйде пісіріңіз
Мейрамхана, дәмханалардан тамақтанғанша, үйде тамақ пісіргенді әдетке айналдырған абзал. Себебі қызметкерлердің дені түскі асты жақын маңдағы дәмхана-мейрамханадан ішіп, ай сайынғы жалақысының бір бөлігін соған қалдырады. 
Сондықтан ертеңгі түскі асыңызды бүгін кешке үйде дайындап, арнайы контейнерге салып қойыңыз. Мұның өзі әжептәуір ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Ақылы хоббиді тегінге ауыстырыңыз
Егер сіз ақша төлеп, спортзалға барып немесе фитнеспен айналысып жүрсеңіз, бүгіннен бастап саябақта жүгіріп, таза ауада жаттығуға кеңес береміз. Пайдалы әрі тегін. 

Сыйлықтарды қолдан жасаңыз
Сыйлықты қолдан жасап та, ақша үнемдеуге болады. Еңбек пен уақытты сарп етіп, өз қолыңмен жасалған сыйлық ақшаға сатып алынған дүниеден қымбат емес пе?! Оның үстіне, қазір интернет те идеяларға тұнып тұр.

28 қаңтар 2019 ж. 1 616 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930