Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жігіті қойдың ішегінен қалай пайда тауып отырғанын айтты

Қазақ жігіті қойдың ішегінен қалай пайда тауып отырғанын айтты

Елордадағы мал базарында тоқтыны 35-40 мың теңгеге сатып алуға болатын болса, одан ірілері 65 мыңға дейін барады.

Қойды алғаннан кейін 500 теңгеге тәшке жалдауға болады. Қасапшының қызметі – 2 000 теңге. Бас үйіту 1000-1500 теңге болса, ішек-қарнын жуып бергені үшін 1500 теңге алады.

Сойылған малдың терілері мен ішек-қарындарын сол жерге тастап кетіп жатады. Қоқысқа тасталған ішек-қарындарды бір топ жігіттер тазалап, арнайы орындарға өткізетіндерін айтты.

«Енді, көп адамдар бұндай жұмыс істеуге намыстанады ғой. Алайда бұл – өте тиімді кәсіп. Мысалы, құрбандық шалған адамдар мына ішектерді лақтырып тастайды. Біз соның бәрін тазартамыз да, буып-түйіп, шетелге жібереміз. Ол жақта кетгут, яғни медициналық жіп жасайды. Онымен хирургтар адамның ішкі ағзаларын тігеді, артынан кетгут өзі таралып кетеді. Бұдан бөлек, ішектен шұжықтың сыртын орайтын материалдар жасалады», — дейді қазақтың бір жігіті.

Мал базарында шетелдіктер де жүр. Олар қойды қасапшыға тапсырғаннан  кейін құрбандықты қалай шалып жатқанын шетелде отырған ата-анасына және балаларына ұялы телефон арқылы көрсетеді екен.


kaz.365info.kz
12 тамыз 2019 ж. 955 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031