Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасап, оған бүйрегін сыйлады

Жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасап, оған бүйрегін сыйлады

АҚШ-тың Лестер қаласында мейіргер сүйіктісіне ұсыныс жасап, оған бүйрегін сыйлады.

27 жастағы Альдо Каталди қарттар үйінде 22 жастағы Джеральдин Чингошо есімді қызбен танысқан. Екеуі де сол жерде жұмыс істеген екен. Артынша Альдо жұмыстан шығып кеткен. Алайда екеуі арадағы байланысты үзбей, сол жылдың мамын айында жігіт Джеральдинді кездесуге шақырыпты. 

Кездесуден бірнеше күн бұрын Джеральдиннің бүйрегіне байланысты ауыр дертке шалдыққаны анықталыпты. Оның бүйрегі тек 20 пайызға қызмет еткендіктен, күн сайын диализ жасау керек болған. Осыдан кейін қыз Каталдиге өзінің диагнозын айтып, өзімен қарым-қатынастан үміттенбегені жөн екенін жеткізген. Алайда жігіт оны тастап кетпейтінін айтыпты. 

«Ол 12 сағат бойы жұмыс істегеннен кейін де маған келіп, тамақ әкеліп, киінуіме көмектесіп, дәрігерлемен сөйлесетін... Ол менің қаһарманым болды», - дейді Чингошо.

2018 жылдың басында Джеральдин туыстарының ешқайсы өзіне донор бола алмайтынын біліпті. Сол кезде Каталди ағзалардың сәйкестігін анықтайтын талдау жасауды ұйғарады. 

Осыдан кейін ғашықтар Джеральдиннің туған күнін атап өту үшін Португалияға аттанған. Сол кезде Катталди сүйіктісіне ұсыныс жасап, артынша өзінің донор бола алатынын біліпті. 

«Ол мені оятқанда көзі жасқа толы болды. Өзінің донор бола алатынын айтты. Мен одан: «Егер айырылысып кетсек ше?» - деп сұрадым. Ол ең болмаса өмірімді құтқарып қалатынын айтты», - дейді қалыңдық. 

2019 жылдың ақпан айында дәрігерлер бүйрек трансплантациясы бойынша ота жасады. Ендігі ғашықтар тамыз айында шаңырақ көтеруді жоспарлап отыр. 

17 мамыр 2019 ж. 1 575 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 126

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 103

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 112

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031