Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақы тақуалық: Ақан сері барған үйінде бір тал қыл-қоқыс көрсе, дәм татпаған

Қазақы тақуалық: Ақан сері барған үйінде бір тал қыл-қоқыс көрсе, дәм татпаған

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Қазақтың ұлы ойшылы, бас ақыны Абай осы өлең жолында «мұрт» туралы тоқталады,  мұсылман адам сыртымен де ішімен де көрікті болуы керек.
Әр сөзіне қатты мән беретін сөз зергері Абай «мұртты» бекерге тілге алған жоқ, мұрт қоюдың өз әдебі, тәртібі бар. Мұртты ауызға қарай сәлеңдетіп өсіру жаман әдет. Мұртты ауызға жеткізбей, астыңғы жағын жақсылап қырып, бет әлпетіне, қасының ұзын-қысқа, жуан-жіңішкелігіне сәйкестіре әдемі, жарасымды етіп қойып, өте таза ұстады, ауызға түссе ол мәкурһ, ауыз айналысы ашық тұратын, керек болса тұмау тигенде ағып кетсін деп мұрт ортасын аз ашып қоятын болған. Дәрет алғанда мұрт-сақалдың түбіне су тимесе дәрет толық болмайтыны жақсы білген, сондықтан да мұртты қатты қалың әрі қатты ұзын өсірмейтін. Мұсылманшылықтың жартысы тазалық.
«Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.» Осы екі жол жалпы өлеңнің өзегі саналады. Онда ақын «салдарын алдымен, себебін артынан» жазған. Неге ақын қан мен майды екі ұртқа салды, ауызға салатын басқа нәрсе жоқ па?  Талқанға-ақ, қақалдыра салар еді. Жақсы мен жаманды айырмаудың басты себебі адал мен арамды айырмауда екенін осы «қан мен май» арқылы өте тамаша жеткізген. Қан арам, оны ауызға салуға болмайды. Бауыздау қан денеге тисе дәретті бұзады. Ал май толығымен адал. Әйтсе, алыстан шалып, кең пішетін дана ақын, соны меңзеп, адал мен арамға мән бірмесең істің бәрі бос дейді. Сол кезден бастап сенде жақсы мен жаманды айыру қабілеті жоғалады дегенді қадап айтады.
Адам не жесе сол, қандай малдың етін жесе соған бара-бара ұқсайды. Адам бір грамм арам ас жесе қырық күн бойы ісі өнбейді, намазы, дұғасы қабыл болмайды. Бүгінде адал мен арам қатты араласып кеткен, сондықтан да барынша сергектікпен, талғампаздықпен адал ас жеуге тырыссақ өзіміз үшін пайдалы. Ғаламтордан «E-қоспаларын»дағы халал және харамның тізімін шығарып алып, ас бөлмесіне жапсырып қойса ұрпақ таза өседі. Сондықтан Абай бар күнәның басы сол қан  мен майда деп топшылайды. Тіпті, қазақ еркек қойды көп жесек, еркек бала көп болады деп ұрғашы тоқтысын малдың аналық басын көбейтуге қалдырып, еркегін жеген.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
  Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Қазақ дүние танымында сарт сөзі саудамен айналысатын адамды айтады, сондықтан да Абай уәдеге тұрмайтын арсыздыққа кетіп бара жатқан, болмыс, бітімі бұзылған қазаққа ашынады, күйінеді. Түріңе қараса қазақсың, ал ісің сарттікі дегенді осы екі жолда толғайды.
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Бұл екі жолды дәл қазіргі ғаламтордағы топ-топқа бөлініп алып айтысып, тартысып жататын қазақтарға айтқан сияқты Абай атамыз. Адал мен арамды парықтамаған адам осындай сөз ұқпас, тоғышар болады деп күйінеді. Бұрында қазақ сөзге тоқтаған, Төле би, Әйтеке, Қазыбек  көкелеріміз бір ауыз сөзбен үйдей дауды шешкен.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
 Күндіз күлкің бұзылды, түнде - ұйқың.
Бұл жолдарда ақын қазақтағы ұрлықтың асқынып, тыныштықтың ел арасынан кеткенін айтады. Ұрлық малдың нағыз арам екенін ескертеді, арам табиғи( харам ли аниһи) арам және адами фактордан болатын қақысы өтелмеген(харам ли ғайриһи) арам болып екіге бөлінеді. Барлық ел арам жеп бітті деп ашынады. Кезінде аталарымыз айдаған бидайы қатар тұрған егістікке жел мен тозаңданып бір-біріне өтеді, содан жеген наным арам болады деп, елден бөлек жотаның не тоғайдың маңына барып бидай айдап нан жеген. Таза далада жүрген тауықты бір жеті аяғынан байлап қойып таза бидай беріп, таза су ішкізіп, зәрі(нәжісі) ішіне өтіп кетеді деп жүнін ыстық суға жидітпей, қолмен жұлып тазартып, сыртынан қалдықтарын үйітіп тастайтын. Кешегі Ақан сері барған үйінде бір тал қыл-қоқыс көрсе дәм татпаған екен. Міне бұл қазақы тақуалық.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
 Бір күн тыртың етеді, бір күн - бұртың.
Арам ас жеген адам «байлаусыз, тұрақсыз, көрсеқызар» деп сөгеді ақын.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Екі алдам біріксе бірің басшы болыңдар, бір-біріңді тыңдаңдар, болмаса, екі айрық жолға келгенде ұрсысып екіге бөлініп кетесіңдер деген ұстанымды жақсы білген қазақ сөзге қорыған. Осы жақсы қасиеттің елден кеткеніне қатты налиды.
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
13 наурыз 2019 ж. 2 093 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 82

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 143

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031