Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллионер кенже қызына үйленген жігітке бар байлығын беруге уәде етті

Миллионер кенже қызына үйленген жігітке бар байлығын беруге уәде етті

Бизнесменнің қызы әкесінің бұл идеясына қарсылық білдірмеген
Таиландтық миллионер қызы мен болашақ күйеу баласына бар байлығын мұра етуге уәде берді.
Аса ірі кәсіпкерлердің бірі Арнон Родтхонг бизнесін кенже қызы Карнситаға бергісі келеді, бірақ әуелі оның тұрмысқа шыққанын қалайды. Миллионер қызына күйеу жігіт іздеп жатқаны туралы әлеуметтік желіде хабарлаған.
Карнситаның өмірлік серігі үлгілі, еңбекқор, есірткі шекпейтін, құмар ойынына жоламайтын азамат болуы тиіс. Родтхонг болашақ күйеу баласына әуелі 10 миллион бат (105 миллион теңгеден астам) сыйақы төлемек. Кейін миллиондаған долларлық бизнесін жас жұбайларға мұра етеді.
Бір күн ішінде бизнесменге жүздеген өтініш келіп түскен. Жеңімпаз 1 сәуірде өтетін жарыс кезінде анықталады. Күйеу жігіттердің қандай сайысқа түсетіні әлі белгісіз.
Карнситаның айтуынша, әкесінің бұл идеясына еш қарсылығы жоқ екен. «Мен талғампаз емеспін. Сауық кештеріне барып, бірге селфиге түсетін жігіт болса болды. Өзім де онша сұлу емеспін, сондықтан түр-келбеті маңызды емес».
07 наурыз 2019 ж. 1 590 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 314

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031