Кез келген жаста ойлау қабілетін жетілдірудің әдісі табылды
АҚШ-тың Колумбия университетінің неврологтары мен нейробиологтары адамның жасына қарамастан ми қызметін жетілдіретін жаттығулар жүйесін ойлап тапты, – деп хабарлайды Nature журналы.
Зерттеушілер жасы мен жынысы әртүрлі қатысушыларды екі топқа бөлген. Бірінші топ белсенді дене шынықтырумен айналысуы керек болды – гимнастика, эллипс сияқты жаттығуларды жасап, негізінен мидың жекелеген бөліктерінің белсенділігін “күшпен” арттыруға тырысты. Екінші топ неғұрлым аз күш жұмсап, негізінен йога сияқты аса жоғары белсенділікті талап етпейтін жаттығулармен айналысқан.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аэробтық жаттығулар (белсенділігі төмен) қатысушылардың ойлау жүйесін айтарлықтай жақсартады екен — тәжірибелік топтың мүшелері бірінші топқа қарағанда сынақтарды өте жақсы тапсырып, көбірек ұпай жинаған.
Бір қызығы, адамның жасына қарамастан ақыл-есі мен ойлау қабілеті жетілген. Енді ғалымдар бағдарламаны кеңейтіп, жаңа жаттығулар енгізбек. Оларды күнде жасап отырсаңыз, мидың жұмысы жақсарып, жасара түседі.