Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұздатқыштан шыға алмай қалған

Мұздатқыштан шыға алмай қалған

АҚШ-та Флорида штатының солтүстігінде аулада ойнап жүрген үш бала мұздатқышқа кіріп, шыға алмай қалған. Шарқ ұра іздеген анасы тоңазытқыштың ішінен бүлдіршіндердің өлі денесін тапты, деп хабарлайды Қазақпарат, CNN телеарнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Сувонни округінің шерифі Сэм Сент-Джонның айтуынша, 1, 4 және 6 жасар бала аулада ойнап жүріп, шешесі үйде жоқта көшеде тұрған жаңа мұздатқыштың ішіне кірген де қайтып шыға алмай қалған. Балалардың анасы мен әжесі үйге келген соң оларды таппай, іздей бастайды. Араға 40 минуттай салып, көшеде тұрған мұздатқыш камераны да тексерген.

Сол жерден бүлдіршіндерінің өлі денесінің үстінен түседі.

«Менің ойымша, бұл қайғылы оқиға. Олар үлкен тоңазытқышты көшеде қалдырған», - дейді Сент-Джон. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал билік өкілдері сот-медициналық сараптаманың нәтижелерін күтіп отыр.
17 қаңтар 2019 ж. 1 093 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031