Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пауло Коэлоның өмірлік сабақтары

Пауло Коэлоның өмірлік сабақтары

Атақты бразиялық жазушы Пауло Коэльоның жаңа романы “Хиппи” ХХ ғасырдағы жастар қозғалысын сипаттайды. Амстердамнан Катмандаға саяхат, философиялық толғаныс, махаббат бұл жолы ерекше сипатқа ие болады. Коэльоның барлық кітабы секілді бұл романы да адам өміріне қатысты толғандыратын идеяларға толы.

1. Жеңілдетіңіз – бақыт келеді.
Коэльоның кейіпкерлері секілді біз ылғи кез келген жерден бақытты іздейміз . Дегенмен, бақыттың құпиясы қарапайымдылықта. Үздіксіз ойлану мен ізденістен гөрі, бәрін жеңілдетіп, бүгінгі күннің әр сәтін бағалаңыз. Сонда ғана бақытқа ие боламыз.

2. Ақиқатын біліңіз – еркіндікке жол ашасыз.
Қалай еркіндікке қол жеткізуге болады? Біз адамдардың ойына, өзгелердің пікіріне тәуелдіміз. Ол барлық адамзаттың өзіндік қиындығы. Ал, тұлға ретінде еркін болу үшін не керек? Еркін болу үшін әлемді тани бастаңыз, зерттеңіз, саяхаттаңыз, адамдармен араласыңыз.

3. Махаббат үшін сүйіңіз.
Махаббат – біздің өміріміздің мәні. Дегенмен, барлық махаббат шынайы емес. Кей махаббаттың шегі жоқ. Ал, енді бір махаббаттың белгілі бір аймағы ғана бар. “Махаббат – тыныш, жайлы тіпті жалғыздық. Махаббат үшін сүю керек: махаббатта неке, бала, ақша деген ұғыммен шектелуге болмайды”.

4. Артық нәрсені ысырып тастаңыз.
Ұлы Микеланджело өзінің жұмысын сипаттаған кезде “Тасты аламын да, артық жерін тазалаймын” деген болатын. Өмірдің қағидасы да солай. Қызғаныш, үрей, қорқыныш пен сенімсіздік адамның өміріне кедергі келтіреді. Сондықтан, бұндай қажетсіздің барлығын ысырып қойыңыз. “Өмірдегі жалғыз мақсат – керек еместің барлығынан арылып, әрбір сәттен ләззат алу”.

5. Өзгерістен қорықпаңыз.
Өзгеріс тек физикалық тұрғыдан емес, адамның мінезі, болмысында да болады. Өзгеріссіз даму мүмкін емес. Өзгерістен қорқу – өмір сүруден қорқу. “Небәрі бірнеше минут – ол өз шешімін өзгертті. Бұрындары үлкендер айтушы еді: өзгерістен артық шексіздік жоқ. Өзгеріс болмаса, кеңістікте мына бізде болмас едік”.

28 қараша 2018 ж. 1 293 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930