Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауд Арабиясында 11 ханзада ұсталды

Сауд Арабиясында 11 ханзада ұсталды


Сауд Арабиясында король әулеті мүшелерінің шығындарының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды доғару туралы биліктің шығарған шешіміне қарсылық білдірген 11 ханзаданың тұтқындалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлгіндей шығындарға су, электр жарығы және басқа коммуналдық қызмет үшін төлемдер кіреді. Мұнай бағасы құлдырап отырған кезде король Салманның жарлығымен қабылданған реформа бойынша бюджет тұрақтылығын сақтау мақсатында қосымша құн салығын енгізу және өзге де шаралар қарастырылған.

Араб сайттарына сілтеме жасаған Reuters агенттігінің хабарлауынша, биліктің шешіміне наразы болған ханзадалар талаптарын айту үшін Эр-Риядтағы король сарайына жиналған. Өз еріктерімен тарауға шақырғанға көнбеген оларды билік тұтқындап, абақтыға қамаған.

Бұл туралы тарап жатқан хабарламаларға қатысты Сауд Арабиясының ресми тұлғалары әзірге ешқандай комментарий бермей отыр. Өткен жылы арасында патша әулетінің өкілдері де бар бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер мен бизнесмендерге коррупция айыбы тағылып, олар қазіргі король Салманның ұлы Мохаммед бен Салманның бұйрығымен ұсталған. Кейін қазынаға ауқымды мөлшерде қаржы төлеуге келіскен соң олардың көпшілігін босатқан.
07 қаңтар 2018 ж. 1 050 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930