Хабиб Нұрмағамедов Макрегорды жеңгеннен кейін алаңда төбелес шығарды (видео)

Хабиб Нұрмағамедов Макрегорды жеңгеннен кейін алаңда төбелес шығарды (видео)
Нұрмағамедов алғашында Макгрегорға жақындауға тырысты. Сосын бұл әрекет тоқтатылған кезде, ол Конордың команда мүшелерімен болған жаппай төбелеске араласып кетті. Сонымен қатар, кейіннен бұл жанжалға Макгрегордың өзі қосылды. Октагонда орын алған төбелеске полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері араласуға мәжбүр болды.
Хабиб Нұрмағамедов Макрегорды жеңгеннен кейін алаңда төбелес шығарды (видео)
Хабиб пен UFC президенті Дэн Уайттың арасындағы дау-дамайдан кейін, олар біріне дауыс көтеріп жағдай одан әрі ушықты.
Осылайша, ресейлік жеңімпаз айқастың нәтижесі жарияланбай тұрып, чемпиондық белбеуін алмастан октагоннан кетіп қалды.
Енді, Нұрмағамедовке тордан рұқсатсыз шыққаны үшін айыппұл салынады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Макгрегорды жеңді.