Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп Ресей және Украинамен өтетін кездесу жоспары туралы айтты

Трамп Ресей және Украинамен өтетін кездесу жоспары туралы айтты

Фото: depositphotos.com
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина өкілдерімен кездесулер мен байланыстар өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Fox News телеарнасы оның Вашингтон маңындағы Эндрюс әскер базасында сөйлеген сөзін тікелей эфирде таратты.
"Біз өте қарбалас демалыс күндерін өткіздік. Израиль мәселесімен айналысып жатырмыз. Украина және Ресеймен жұмыс істеп жатырмыз. Алда түрлі тараптармен, соның ішінде Украина мен Ресеймен кездесулер мен келіссөздер жоспарланған", - деді ол.
Оның айтуынша, бұл пікірталастар айтарлықтай сәтті өтіп жатыр.
Айта кетсек, 1 ақпанда Трамп өзінің әкімшілігі Мәскеумен Украинадағы соғыс туралы "өте маңызды" келіссөздер жүргізіп жатқанын және өзі мен Ресей президенті Путиннің үш жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығысты тоқтату үшін "елеулі" қадамдар жасауы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Бұған дейін Ақ үй басшысы баспасөз брифингінде Путинмен өткен әңгіме жайлы ишара жасаған болатын.
Осы арада Украина президенті Владимир Зеленский Трамппен кездесуді Мәскеумен диалогқа көшудің шарты ретінде атады.
АҚШ президенті бірнеше рет ресейлік әріптесімен байланыс орнатуға, оның ішінде кездесу өткізуге дайын екенін айтқан. Путин де осындай мәлімдеме жасады. Алайда әзірге екі мемлекеттің басшыларының кездесу немесе телефон арқылы сөйлесу туралы нақты келісімі жайлы ақпарат жоқ. Путин Зеленскийді заңды президент деп есептемейтінін, 2024 жылдың мамырында оның өкілеттік мерзімі аяқталғандықтан бейбіт келісімге қол қою құқығына ие емес деп санайтынын мәлімдеген болатын.

03 ақпан 2025 ж. 359 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031