Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Израильде музыкалық фестиваль кезінде 260 адам қаза тапты: Куәгерлер оқиға жайында айтып берді

Израильде музыкалық фестиваль кезінде 260 адам қаза тапты: Куәгерлер оқиға жайында айтып берді

Мыңдаған жастар қатысқан Supernova музыкалық фестивалі Газа секторының шекарасына жақын шөлде өткен. Бұл еврейлердің Суккот мерекесіне сәйкес келді. Сенбі күні ХАМАС әскерлері шабуылдағаннан кейін еріктілер фестиваль аумағынан 260 мәйіт тапқан. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі
Supernova музыкалық фестивалі Израильдің оңтүстігіндегі шөлде 6-7 қазанда өтті. ХАМАС әскері сол жерде жиналған халыққа оқ жаудырды. Адамдар жақындарын әлі іздеуде.
Zaka құтқару ұйымының мәліметі бойынша, фестиваль аумағында 260-тан астам адам қаза тапқан. Іс-шараға барлығы үш мыңға жуық адам қатысқан.
Үш сахна мен кемпинг алаңы бар фестиваль Негев шөліндегі кибуц Реимге жақын жерде орналасқан.
Фестивальге қатысушы Ортель таңертең зымырандардың ұшырылатыны туралы ескертетін сирена естілгенін айтады. Көп ұзамай оқ атылған.
"Электр қуаты өшіп, кенеттен барлық бағытта атыс болды", — деді қыз.
Оның айтуынша, адамдар қашуға тырысып, көліктеріне қарай жүгірген. Бірақ автотұрақта көліктерді әскерлер өртеп жатқан.
Фестивальге қатысушы Адам Барель зымыран шабуылының қаупі туралы жұртшылық білгенімен, мұндай соққыны күтпегенін айтады. Ол да көлігіне жасырынғысы келген.
Эстер Борохова тұрақтан көлігімен кетіп қалмақ болғанда, көлікті атқылап тастаған. Басқа көліктің жүргізушісі оны шақырып жатқанда, ер адамның басына оқ тиеді. Эстер израильдік әскерлер келгенше өлі кейіп танытқан.
Фестивальге қатысушылардың көпшілігі әскерилер келіп, оларды құтқарады деген үмітпен айналадағы бұталар мен бақтарда бірнеше сағат бойы жасырынғанын айтады.
"Мен телефонды үнсіз режимге қойдым, содан кейін апельсин тоғайында еңбектей бастадым", — деп еске алады Ортель.
Гили Йоскович бақшада жасырынған.
"Олар ағаштан ағашқа өтіп бара жатып оқ жаудырды. Мен үндемедім және ешқандай әрекет жасамадым", – деді ол.
Фестивальде 2022 жылдың жазында Израильге көшіп келген ресейлік 27 жастағы Андрей Козловтың жоғалып кеткені белгілі. Ол фестивальде күзетші болып жұмыс істеген. Ер адамның жоғалып кеткені туралы оның тәтесі Анна Ямпольский хабарлады.
Ресей елшілігінің хабарлауынша, Израильде бір ресейлік азамат қаза тапты, төрт адам хабар-ошарсыз кетті.
Сенбіден бастап Израильде 900-ден астам адам қаза болды. Ондаған адам ұрланған.Ал Палестинада 687 адам мерт болып, шамамен 3,7 мың адам зардап шекті.
Бұған дейін ХАМАС мүшелерінің фестивальға келген турист қыздың денесін жалаңаштап, оны мазақ қылып, аяқ-қолын сындырғаны туралы айтылды.
10 қазан 2023 ж. 199 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 68

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 61

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930