Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі жайында келесі аптада шешім қабылдайды

АҚШ Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі жайында келесі аптада шешім қабылдайды

   АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидері Сингапурде кездеседі ме, жоқ па, нақты шешім келесі аптада қабылданады. Осылай деп Ақ үй басшысының өзі Дональд Трамп мәлімдеді. Сейсенбі күні Трамп Ким Чен Ынмен кездесу кейінге қалдырылуы мүмкін деген.
  АҚШ президенті әкімшілігі егер пікірталас өзге бағытта өрбісе, кездесу үзіліп қалуы мүмкін екенін ескертіп отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Солтүстік Кореямен "сәтсіз мәмілеге" жол берілмейтінін айтты. Пхеньян да өз кезегінде америка-оңтүстіккореялық әскери-әуе жаттығуына бола, кездесуден бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеді.
  Сонымен бірге бірқатар әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, Ким Чен Ын Сингапурге Трамппен кездесуге барған кезде, елінде әскери төңкеріс болып қалуы мүмкін деп қауіптенеді. The Washington Post газеті дереккөзінің мәліметінше, КХДР өкілдері Ким Чен Ын ұшағы кері қайтуы үшін жеткілікті деңгейде жанармай болуы қажеттігін талап етіп жатыр.
   Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі 12 маусымға жоспарланған. Осыған дейін АҚШ-тың бірде-бір президенті Солтүстік Корея лидерімен кездескен емес.

«Қамшы» сілтейді
24 мамыр 2018 ж. 1 064 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930