Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа технологияның көмегімен үйді 10 минутта салуға болады

Жаңа технологияның көмегімен үйді 10 минутта салуға болады

Үй салу, жекеменшік пәтер алу – кез келген адамның арманы. Жаңа технологиялар жеткен жетістік бойынша, бұл арманға енді 10 минутта жетуге болады. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Британиялық Ten Fold Engineering фирмасы ойлап шығарған uBox үйі 645 шаршы фут немесе 60 шаршы метр жерге арналған. Портативті үй ауыр техникасыз-ақ өзін-өзі қайта жинай алады.
Әрбір портативті үй патенттелген тұтқыш жүйесін пайдаланады. Тасымалға арналған контейнерлер сияқты бұл үйлерді де жылжытуға болады.
Дайын үйлер тұрғындарға ыңғайлылық сезімін сыйлау үшін ойлап шығарылған.
«Біздің қазіргі өмірімізде жылдамдық деген сөз аса маңызды. Өйткені, айналамызда бәрі тез өзгереді. Заман талабына сай мына үйлер де тез арада салынып, қайта жиналады», - деді британ архитекторы Дэвид Мартин.
Аталған үйлерді тұрғын үй, дүкен, офис, шағын мейрамхана немесе көрме алаңы ретінде пайдалануға болады.
«Бұл үйлерді қыста тауда, жазда жағалауларда қолдансаңыз, өте ыңғайлы. Бай адамдардың ермегі ретінде жасалды деп ойлап қалмаңыз. Көп шығын шығармай-ақ, кез келген адам қол жеткізе алады деп ойлаймын», - деді архитектор Мартин.
Бизнесті дамыту менеджері Андреа де Бурдің айтуынша, бұл үйлер қазіргі таңда сауда, тұрғын үй, тауда орналасқан энергетика ошақтары үшін қажет болып жатыр. uBox өнімдері қазіргі таңда ең алғашқы даму сатысында, сондықтан компания қанша дана сатылғанын жасырын сақтап отыр. Ten Fold фирмасы портативті үйлерді ойлап шығару арқылы дәстүрлі архитектураға залал келтірдік деп санамайды.
Ағылшын тілінен аударған
Алтынай Қуанышбек
Baq.kz
18 сәуір 2018 ж. 1 982 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 30

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 24

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 37

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 38

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 39

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031