Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі алып ағаштар орман өртінен жойылып кетуі мүмкін

Әлемдегі алып ағаштар орман өртінен жойылып кетуі мүмкін

Калифорнияда өрт сөндірушілер ағаштарды қорғап қалу үшін діңіне отқа төзімді алюминий пленкасын пайдаланып жатыр. АҚШ-тың Калифорния штатындағы алып ағаштарға орман өрті қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы BBC хабарлады.
Орман өртінен «Секуойя» ұлттық паркіне айтарлықтай шығын келуі мүмкін.
Бұл парк әлемге алып ағаштарымен танымал. Олардың қатарында жер бетіндегі ең үлкен ағаштардың бірі – сексен метрлік алып Генерал Шерман ағашы бар.
Бұл ағаш жер бетіне 2300-2700 жыл бұрын өсіп шыққан деген болжам бар. Өрт сөндірушілер Генерал Шерман мен өзге ағаштарды қорғап қалу үшін діңіне отқа төзімді алюминий пленкасын пайдаланып жатыр.
Орман өрті «Секуойя» ұлттық паркіндегі екі мың алып ағашқа қауіп төндіріп отыр. Өрт Калифорниядағы құрғақшылық пен ыстық ауа райынан туындады.
Алып ағаштардың қалың қабығы отқа төзімді, оған шағын өрттер қауіп төндірмейді дейді мамандар. Алайда қазіргі өрт бұл ағаштарға үлкен қауіп төндіріп отыр. Қазірден алдын алмаса «қарт» ағаштар күлге айналуы мүмкін.
«Секуойя» паркіндегі ағаштардың жасы 3000-ға жетуі мүмкін деп болжанып отыр. Ал биіктігі 100 метрге дейін жетеді.
17 қыркүйек 2021 ж. 308 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 39

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031