Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда аптап ыстықтан қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды

Италияда аптап ыстықтан қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды

Италияда аптап ыстық салдарынан қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар ең ыстық күн бүгін болады деп болжайды. Осыған орай елдің 15 шаһарында мамадардың дайындығы жоғарғы деңгейде болмақ. Римде үшінші күн қатарымен күн жанып тұр. Ауа температурасы 38 градустан асады. Ал, Италияның 4 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Тілсіз жаудан 3 адам мерт болғаны белгілі. Орман өрті Алжирде де ырық берер емес. Өрт жалмаған елді мекен тұрғындары жалынмен арпалысып шаршады.
Халықтың отты өшіру үшін арнайы техникасы жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апат 69 адамның өмірін қиды. Жергілікті билік елдің солтүстігінде өршіген өртті ауыздықтау үшін әскерилерді тартып жатыр. Ал, Тизи-Узу провинциясындағы Ибудрен ауылының тұрғындары аталған көмектің әлі де жетпегенін айтып шағымданады. Шериф, жергілікті тұрғын: - Бес күн бойы өртті өшірумен әлекпіз. Аймақта байланыс, ауыз су, жарық, тіпті газ да жоқ. Әбден қажыдық. Әліміз кетті.
13 тамыз 2021 ж. 615 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 39

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 33

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31