ДДСҰ өкілдері ұзаққа созылатын коронавирус симптомдарын атады

"Коронавирус жұқтырып жазылғаннан кейін жиі кездесетін белгілер немесе сіз айтқандай, COVID-19-ды жұқтырып, ұзақ уақыт ауырғанда адамда ентігу, дисфункция, сондай-ақ шаршау байқалады. Бұл ең көп таралған үш белгі. Алайда іс жүзінде пациенттерде 200-ден аса белгілер тіркелді. Сондықтан тізім өте ұзақ", - деді Диас онлайн бағдарламада.
Ол кейбір мәлімет бойынша бұл белгілер үш-тоғыз айға дейін созылуы мүмкін екенін айтты. Диастың айтуынша, вирус жұқтырып, жазылғаннан кейінгі синдромы бар науқастарға оңалту мамандары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер көмегі қажет.