Шанхайда әлемдегі ең ірі планетарий ашылды
Қытайдың Шанхай қаласында астрономиялық мұражай негізінде әлемдегі ең үлкен планетарий ашылды, - деп хабарлайды Kaztengritravel.kz порталы CGTN арнасына сілтеме жасап.
Музей Лингангтың эксперименттік еркін сауда аймағында орналасқан және шамамен 58,6 мың шаршы метрді алып жатыр. Астрономиялық музейде Айдан әкелінген 70-ке жуық метеорит, Марс және Веста астероиды, сонымен қатар Ньютон, Галилей және Кеплердің жұмыстары бар 120-дан аса мәдени жәдігерлер жиынтығы бар.
Қытайдың Chang'e-5 ай зондымен жеткізілген ай топырағының бір бөлігі де көпшілікке ұсынылады. Музей инновациялық сәулетімен, түрлі тақырыптағы көрме алаңдарымен, иммерсив технологиясымен және құнды коллекцияларымен ерекшеленеді.
Сыртқы жағынан қарағанда, кешен фантастикалық фильмдердегі үлкен ғарыш кемесіне ұқсайды. Негізгі ғимараттың айналасындағы жаяу жүргіншілер жолдары галактикалық спираль сызығына ұқсас етіп салынған. Планетарийдің құрылысында экологиялық таза материалдар қолданылған.
Күндіз келушілер Сихэ мұнарасындағы оптикасы бар телескоп арқылы күнді тамашалай алады және күн дақтарының суреттерін ажыратып, анық көре алады.
Планетарийге кіру билеттері ересектер үшін 30 юань (1 980 теңге) және студенттер мен балалар үшін 15 юань (990 теңге) тұрады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жұмыстың алғашқы күнінде планетарийге бірнеше мың адам келген, ал келесі аптаға билеттер сатылып кеткен.
Бұған дейін Шанхайда жарық шоуы ұйымдастырылып, Гиннестің әлемдік рекордын жаңартылды.