Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Лобуче шыңын бағындырды

Лобуче шыңын бағындырды

Қазақстандық альбпинист Мақсұт Жұмаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның туын гималай алтылығында - Лобученің оңтүстік шыңына алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал спортшы Катмандуға қайтқаннан кейін байланысқа шықты. Оның сөзінше, Непалдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты локдаун жарияланған. Мақсұт Жұмаев әуе билеттерін қайтаруға мәжбүр болған, енді карантиннің жеңілдеуін күтіп отыр. Алайда альпинист өз миссиясын сәтті орындап шыққан. 
Спортшы шыңда ұзақ уақыт тұрмаған. Бар күшін тулармен суретке түсіп, құттықтау видеосын түсіруге жұмсаған. Сосын қайту керек болған. 
"Бәрін тастап, төменге қайтадан түсіп кеткім келген кездер болды, себебі қар жарма сияқты жауып кетті. Бірақ миссияны орындау міндеті тұрғанын түсіндім, ол - Лобуче шыңына ту тігу. Тумен суретке түсіп, құттықтау видеосын жазып, төмен қарай түсе бастадық. Лагерьге кешке қарай жеттік", - дейді спортшы. 
Оның сөзінше, гималай шыңына жетудегі мақсаты - Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл екенін дүние жүзіне таныту болған.  
Бүгінде қазақстандық спортшы Катмандуда. Жұмаев миссиясын орындағаннан кейін Қазақстанға тезірек оралғысы келетінін айтады. 
"6 мамырдан бастап Непалда әуе қатынастары тоқтап, локдаун жарияланды. 15 мамырда локдан не қатаңдайды, не жеңілдейді. Бірақ Үндістанда эпидемиологиялық жағдай қиын екенін ескеріп, локдаун жеңілдейді деп айту қиын. Біз базалық лагерьден Катмандуға тікұшақ арқылы жеттік. Осы жерден Қазақстанға оралудың жолдарын қарастыруға тырысамын. Бұл мен үшін басты мәселе", - дейді Мақсұт Жұмаев. 

10 мамыр 2021 ж. 1 074 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930