Видеошок: автобуста бойжеткеннің басын «жұлып алған»
АҚШ сиқыршысы Энди Гросс бойжеткеннің басын жұлып алып, жұртты шошытты.
Көз алдыңызға елестетіп көріңіз: Сіз автобуста келе жатырсыз. Бір кезде автобусты жарты жолда тоқтатып, ішке ентелей кірген жігіт автобуста отырған бойжеткеннің өзімен бірге түсіп қалуын талап етеді. Бойжеткен келіспегеннен кейін, жігіт ентелеп барып оның басын жұлып алады.
Оқиғаға куә болған жолаушылардың естері шыға айғайлап, қатты шошып қалған.
Дәл осыған ұқсас оқиға автобус аялдамасында да қайталанған. Алайда, автобус күтіп тұрған кісілердің кейбірі мұның фокус екенін бірден түсінсе де, кейбірі басынан айырылып, айғайға басқан бойжеткенге көмектесуге ұмтылған. Тіпті, автобус жүргізушісі сиқыршының соңынан шоқпар ала жүгірген.
Кейбіреулер қыздың басы жалған мойынның астында жасырулы тұр, сиқыршы бойжеткеннің басына қара орамалды жауып, «жалған басты» жұлып алады дейді.
Енді бірі екінші нұсқаны ұсынады – бойжеткеннің басы орнында тұр, тек сиқыршы қара орамалды жауып, оның басына жалған мойынды кигізіп кетеді дейді.
Қалай десек те, бұл фокустың сыры әлі ашылмаған күйде қалуда. Ал, сиқыршы Эндидің негізгі фокусының сыры әлдеқашан ашылып қойған. Өздеріңіз байқағандай, иллюзионистің видеоларының басым бөлігі адамды екі бөлікке бөлуге арналған.
Clear Magic арнасы фокустың сырын ашып, оны кез келген адам жасай алатындығын көрсетті.
Бұл үшін Сізге өте ұзын шалбар (өз аяғыңыздан екі есе ұзын) керек, оның артқы жағынан аяққа киетін екі тесік қалдыру керек. Сонымен қатар, артқы жағы кесілген, ал алдынан теріс жағымен шалбарға жапсарласып тұратын жейде қажет. Сонда алдыңғы жағынан қарағанда дене мен аяқ бөлініп қалғандай көрінеді, ал шын мәнінде Сіздің аяғыңыз қисайып бүгілген қалыпта тұрады, ал дененің осы иілген жерін жейде жауып тұрады.
Дереккөзі: medialeaks.ru