Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлемі үлкен көлдер

Көлемі үлкен көлдер

Әлемде ең үлкен ғажайып көлдер бар. Олардың кристалды таза суы, бай экожүйесі және көз жауын алатын пейзаждары әлем ұсына алатын ең керемет табиғи ғажайыптардың бірі болып табылады. Көлдің жағымды да сұлу кейпінен бөлек қайран қалдыратын көлемдері де олардың ең маңызды қыры. Сол көлдерді тамашалап, болашақта барып қайту үшін парағыңызға қосып қойсаңыз болады.

Үлкен «Еріксіз» көл
Канададағы екінші үлкен көл Солтүстік Америкадағы ең терең көл болып есептеледі. Оның түбіне жету үшін сізге 614 метр төмен жүзуге тура келеді. Бір кездері үлкен көл Макконнелл үлкен мұздық көлінің бір бөлігі болды. Қазір толығымен өзін-өзі қамтамасыз ететін жүзбелі үйлерімен белгілі. Ол үйлер туралы Animal Planet арнасында көрсетілген деректі фильм «Ледяное озеро» түсірілген болатын. Атауына қарамастан бұл көл жүздеген еріксіз адам үшін соңғы көрген жер болған жоқ және күн сайын құлдармен толтырылған қайықтар жүзіп жүрген орын болған емес.
Great Slave Lake атауы үнді халқының «Дене» атауына берілді. Ал аудармашылар slave «құл» ағылшын сөзінен шыққан деп түсінсе керек. Қысқасы, көлдің атауы «еріксіздерге» немесе «құлдарға» еш қатысы жоқ.

Ньяса
Шығыс Африкада орналасқан Танзаниядағы Рифті алқаптың Оңтүстігіндегі көл. Әлемдегі тұщы судың 7% қоры да осы көлдің еншісінде.
Ньяса көлі (немесе Малави, бірақ ол орналасқан республиканың атауы) планетадағы кез келген басқа көлге қарағанда балықтардың көп түрі бар су алқабы болып табылады. Онда тек бір цихлид балығының 700 түрі бар.
Егер жергілікті балық пен ұлуды тамашалай беруден жалықсаңыз, әдемі жағажайлардың бірінде демалуға және африкалық күннің астында жақсы тотығуға болады.

Үлкен аюлы көл
Канададағы ең үлкен көл. Ол тайга мен тундраның аймақтары шектесетін Солтүстік полярлық шеңберде орналасқан. Дәл осы жерде уранның алғашқы кен орындары ашылды. 9 ай бойы көл бетін мұз жаып жатады. Сондықтан кеме қатынасының мерзімі өте қысқа. Бірақ балық аулау мен аң аулауға таптырмайтын жер екені даусыз. Мұнда жету қиындыққа толы. Дегенмен үлкен аюлы көлдің жанындағы орындардың әдемілігін сөзбен суреттеу мүмкін емес. Ал көлді қоршаған қоныстар – дене және «аю халқының» типи сынды байырғы үнді халықтарының үйі. Бұрыннан шынайы найза шаншып, аң ауламаса да, қазіргі заманға сай үндістерді көруді армандасаңыз, көруге тұрарлық жер.

Байкал
Бұл әлемдегі ең терең көл. Оның ең терең жері – 1642 метрге жетеді. Тұщы судың ең үлкен қоры бар. Сондай-ақ планетадағы ең таза көл болып саналады.
Байкал көлі теңіз деңгейінен 455 метрден астам биіктікте орналасқан және өсімдіктердің 1000 және жануарлардың 2500 түрінің мекені болып табылады. Байкалды «сүйікті мекен» деп білетін бірегей жануарлардың бірі – тұщы су итбалығы немесе Байкал нерпасы. Ғалымдар әлі күнге дейін осы жануардың көл суларында қалай пайда болғаны жайлы біле алмай отыр. Өзен жүйесі бойынша Мұзды мұхиттан жүзіп келгені, Байкалдан ағуы мүмкін Лена өзенінен жүзіп келгені белгісіз. Алайда жаңа жерде орын тепкен «саяхатшы» әлі күнге дейін Байкалдың экожүйесіндегі азық-түлік тізбегінің шыңында орналасқан. Байкал нерпасы үшін жалғыз қауіп – адам ғана.

Танганьика
Бұл үлкен Африка көлі әлемдегі екінші көне тұщы су көлі және бұған қоса, әлемдегі ең ұзын тұщы су көлі болып табылады. Көлдің 85 проценттен астамы Танзания мен Конго ДР-да, ал қалған бөлігі Бурунди мен Замбия аумағында орналасқан.
Танганьикада көптеген қолтырауын мен бегемоттар, әлемдегі ең әдемі және тыныш кобраның бірі – сақиналы су кобрасы мекен етеді. Жаңа террариумистерге осы кобраны, олардың бейбіт сипатына байланысты, үй жануары ретінде де ұсынады.

Мичиган
Жоғарғы және Гуронмен қатар ұлы көлдер жүйесіне кіреді. Аталған үш көл бұғаздармен біртұтас жүйеге қосылған. Олар белгісіз себептермен жеке көлдер деп есептеледі.
Мичиган көлінің кең жағалау сызығын кейде оның ұзын, әдемі жағажайларына байланысты құрама штаттардың «үшінші жағасы» деп те ­атайды.

Гурон
Барлық ұлы көлдер арасындағы ең ұзын жағалау сызығымен мақтана алатын және 1600-жылдардағы еуропалықтар зерттеген көлдердің ішінде бірінші болған көл.
Француз зерттеушілері Самюэль де Шамплен және Этьен Брюле Гурон шығанағын 1615 жылы ашты. Ол Гурон көлінің қалған бөлігінен Манитулин аралымен бөлінген болып көрінетіндіктен оны жеке көл деп есептесе керек. Десек те ол әлемдегі ең үлкен арал деп саналатындықтан зерттеушілерді әбден түсінуге болады.

Виктория көлі
Әлемдегі ірілігі жағынан, үшінші көл Шығыс Африкадағы үш мемлекеттің аумағында орналасқан. Жоғарғы және Байкалдан кейінгі тұщы су қоры бойынша үшінші орынды алатын көл. Бұл көлді британдық саяхатшы және жаңалық ашушы Джон Спик Виктория патшайымының құрметіне атаған. Ол Ніл өзенінің негізгі су қоймасы мен көзі болып табылады.
Виктория аумағында 85 түрлі арал бар. Олардың әрқайсысы Кенияда орналасқан біреуін қоспағанда, Уганда шегінде орналасқан. Бұл аралдардың барлығы бай гидратталған экожүйені мекендейтін эндемиялық фауналарымен танымал. Басқаша айтқанда, онда мекендейтін жануарлар өзге еш жерде кездеспейді. Әлбетте осы қыры саяхатшылар тобының аталмыш аралға деген қызығушылықтарын арттырады.

Жоғарғы көл
Канада мен АҚШ шекарасында орналасқан ең ірі тұщы көл болып табылады. Басқа көлдерге қарағанда суы көп деп есептеледі. Тіпті барлық ұлы көлдердің суын қосқан күнде де, Жоғарғы көлдің су мөлшеріне жете алмайды.
Бастапқы атауы «үлкен су» ретінде, содан кейін «ең биік көл» ретінде ауыстырылды. Кейіннен континенттегі ең үлкен болып табылатыны туралы ескертумен қайта аталды.

Каспий теңізі
«Теңіз» географиялық атауына қарамастан Каспий жер шарындағы ең үлкен көл болып табылады. Оны мұхит түрінің тектоникалық ерекшеліктеріне байланысты «теңіз» деп атайды. Бірақ мәні бойынша су деңгейі тұрақты ауытқуларға ұшыраған үлкен ағынсыз көл. Каспий теңізімен бірнеше өзен қосылып жатса да, ол әлі де мұхиттан бөлек болып қалады.
Каспий Еуропа мен Азия шекарасында орналасқан, тұздану деңгейі әртүрлі – Еділ сағасының 0,05%-тен, оңтүстікте 13%-ке дейін жететін көл. Ондаған ірі көлден шыққан аутсайдер ірі тұзды көлді білдіретін Арал теңізі болып табылады. Үсіп қалу процесі оның су бетінің ауданы 8303 км2 дейін азаюына сеп болды. Аралдың күнін Каспий, не басқа да өзен-көл қайталамауы сол елді мекендегі әрбір адамға байланысты екенін есте сақтаған ләзім. Тізім әлемдік ақпарат құралдарының есебімен жасалған.

Нұрай ШАБЫТ
13 қаңтар 2021 ж. 4 547 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930