Гаджеттердің көзге және теріге зияны анықталды
Барлық дерлік гаджеттерде қолданылатын көк жарық немесе HEV сәулесі денеге, атап айтқанда көру мен теріге теріс әсер етеді. Оның қауіпін офтальмолог Арпине Адамян айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бұл сәуле көз торында қайтымсыз фотохимиялық реакцияларды тудырады, олар фоторецепторлар мен пигментті эпителий жасушаларын бұзады.
"Егер гаджеттерді ұзақ уақыт қолданса, құрғақ көз синдромы, тордың орталық аймағының дистрофиясы, көздің шаршауы орын алып, көру өткірлігі төмендеуі мүмкін", - деп ескертті офтальмолог.
Сонымен қатар гаджеттерден шыққан көк жарық ерте қартаюға және терінің пигментациясына әкеледі. Түнде ұйқы гормоны - мелатонин өндірісін азайтады және ұйқысыздықты тудырады.
Адамян көру қабілетін қорғау үшін СКД экрандарының көгілдір жарқылын сіңіретін сары фильтрі бар арнайы компьютерлік көзілдірікті қолдануды ұсынды. Оның айтуынша, гаджет экрандарынан әр сағат сайын бірнеше минутқа алшақтап, мезгіл-мезгіл ұзақ үзіліс жасап, құрылғыларды күндіз ғана пайдаланып, ұйқытауға 2-3 сағат қалғанда мүлде қолданбау керек.
Айта кетейік, көк сәуле - жарық спектріндегі ең қысқа жарық толқыны. Ол ең үлкен энергия мен шашырау қарқындылығына ие. Қазіргі уақытта барлық гаджеттер көгілдір жарық шығарады, өйткені оларды жарықтандыру үшін жарықдиодты және люминесцентті шамдар қолданылады.