Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғалған жақұттар

Жоғалған жақұттар

Бұл күнгі технология тетігімен таба алмайтын дүние жоқ. Енді GPS-трекерлердің, маяктардың және басқа құрылғылардың көмегімен жоғалған заттың орналасқан жерін, тіпті адамның қайда екенін оңай бақылауға болады. Өткен ғасырларда мұндай мүмкіндікке тақта отырған патшаның да қолы жетпеді. Дүниеге дүрбелең туып, өліара шақтан мамыражай заманға жеткенше жиған-терген байлығын жер астына жасыратындар көп болған. Сол кеткеннен мол кетіп, қазып алынбаған қазына көп. Ізіне түскеннің түсіне кіріп, маза бермеген мол дәулет туралы там-тұмдаған мәлімет ғана бар.
Малайзиялық жолбарыс – Ямасита ­Томоюки
Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында Гитлердің жандайшаптары қолы жеткен ұлы өнер туындыларын өртеп, алтын қорын көміп, адамзат өркениетіне өшігіп алған кез. Осы уақытта Жапония жерінде «Алтын лиллия» ұйымы құрылды. Олар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы құнды дүниелерді фашисттердің қолына түсірмеуге күш салды. Мұны өз-өзін ақтап алу деп түсінсеңізде болады. Қасиетті міндет арқалаған қылмыскер ешқашан болмаған. Құпия ұйым саналған «алтын лиллиялықтар» аймақтағы бай-манаптардың сарайын, мұражайларды, будда храмдарын талан-таражға салып, байлығын тасып кеткен. Бірінші сақталған жері Сингапур болғанымен, аймақты күні-түні күзеткен жапон әскерінің генералы малайзиялық жолбарыс атанған Ямасита Томоюкиге император Хирохито алтын құймаларды Филлипиндегі жерасты тунельдеріне жасыруға тапсырма береді. Жапон патшасының, генералдың және «алтын лиллия» якудзасының бастағы ойы соғыс біткеннен кейін бар байлықты Жапония игілігіне жұмсау еді.Тунельдердің кірер аузына көп мөлшерде мина қойылып, алтынға барар жолды түрлі тұзақтармен жауып тастаған.
Соғыстың күтпеген жерден аяқталуы Ямаситаны алтынды әртарапқа бөліп тастауға мәжбүрледі. Кейін генерал мен оның жақтастары дұшпандарының қолынан қаза тапты. Осыдан соң көптеген жылға дейін мұндағы алтын қоры жайлы ұмытылып кеткен. Оның қай жерасты жолында екені Ямаситамен бірге көміліп кеткендей еді.
1971 жылы ғана Роджелио Роксас бастаған археологтар экспедициясы Филиппин үңгірлерінің бірінен 1 тоннаға жуық алтын қорын тауып алған.
Аңызға сенсек, бұл құймалар «алтын лиллиялықтар» жасырған байлықтың бір бөлігі. Роксастың пікірінше, бар байлықты сол кездегі Филиппин президенті Фердинанд Маркос иемденіп алған. Роксасты дереу жергілікті билік тұтқындап, ол түрмеде жан тәсілім етеді.

Флоридадағы Қазына жағалауы
1715 жылы Флоридада қазіргі Веро-Бич қаласының жанында испан кемесі суға батып кетті. Еуропаға бет алған кеме американдық колониялардан түрлі зергерлік бұйымдарды тиеп келе жатқан. Жолы болмаған экипаж қатты дауылға түсіп, жартасқа соғып жапырылып кеткен. Сандық толы алтынның жартысын құтқарып қалса да артефактілер мұхит түбіне мәңгіге кеткен.
1950 жылдары қазына іздеушілер жоғалған байлықтың жолымен жүріп, осы аймақты белсенді зерттей бастаған еді. Қазіргі уақытта сүңгуірлер жалпы құны 5 миллион доллардан асатын 400-ге жуық алтын монетаны тауып үлгерген. Бір қызығы, көптеген олжа жағалауға өте жақын екі метр тереңдікте табылды. Бұл жағажайда демалып жатқан туристер қазынаның үстінде әлі де жүзіп жүр деген сөз.

Монтесума алтыны
1519 жылы испан жаулап алушысы Эрнан Кортес ацтектердің астанасы Тенохтитланды басып алып, Император Монтесуму II кепілге алды. Кейінірек конкистадор билеуші сарайында зергерлік бұйымдарға толы құпия бөлмені тауып алған. Испан конкистадоры табылған қазынаны өзіне иемденіп, оны Испанияға апаруға шешім қабылдайды. Бірақ жергілікті тұрғындар 1520 жылдың 1 шілдесіне қараған түні қанды көтеріліс жасап, Кортестің әскерлеріне соққы берді. Испандықтар кемеге жетіп үлгергенімен, айлақтағы байлыққа толы кемені аралдан ары қозғалта алмады. Үндістер жаулап алушының кемесін суға батырып, ұрланған қазыналар елдің солтүстігінде Сьерра-Мадре тауларында жасырылды.

Өлі теңізден табылған...
Өлі теңіз пергаменттері б.з.д. 200 жылдан 40 жылға дейінгі кезеңге жататын, Израильдегі Өлі теңіз жанындағы үңгірлерде жасырылған 931 құжат. Оның ашылуы – біздің заманымыздың ең үлкен әдеби және археологиялық жетістігі ретінде бағаланады.
1947 жылы ежелгі қолжазбаларды тарихшылар тауып алды. Ең үлкен құндылық жұқа мыс парақтардан жасалған жалғыз папирус. Артефактіні зерттеу барысында бұл папируста Израиль маңындағы түрлі қазыналардың күміс және алтын құйма, монета, құмыралардың орналасқан жері туралы ақпарат бар. Алайда оларды табу оңай емес, өйткені мәтін ежелгі иврит тілінде сол кездегі ауызекі сөздерді қолдана отырып жазылған. Аударманың қиындықтарына ­байланысты бүгінде қолжазбалардың тек жеке бөліктері шешілген. Қазынаның қайда жасырылғандығы туралы нақты мәлімет жоқ.

Қабырғасы құнды тастан қаланған
Табиғи янтарьдан жасалған панельдер мен әшекейлер бар бөлме Екатерина сарайында орналастырылған еді. Ұзақ уақыт бойы Ресей императорларының жазғы резиденциясының інжу-маржаны болып саналған бұл бөлмені Ұлы Отан соғысы кезінде тонаған басқыншылар Ресейден бөліп-бөліп әкеткен.
Ол Пруссия королі Фредерик бірінші үшін құрылды. Басында бұл бөлме емес, 1709 жылы Пруссия королінің сарайында орнатылған кеңсе еді. Бірінші Фредерик қайтыс болғаннан кейін, оның ұлы Фридрих Вильгельм дипломатиялық сыйлық ретінде 1717 жылы бірінші Петрге янтарь кеңсесін ұсынды. Кейінірек 1743 жылы Петрдің қызы Елизавета сәулетші Растреллиге интерьерді нақтылауды тапсырып, сәулетші интерьерді аяқтап қана қоймай, кеңсені бөлменің көлеміне дейін арттырды.
2015 жылы қазына іздеушілер Валбжих (Польша) қаласының маңында нацистер алтын тиеген пойызды тапты. Еуропаның түкпір-түкпірінен келген қазына іздеушілер янтарь бөлмені сол пойызбен алып кеткеніне сенімді болды. Қазба жұмыстары басталғанымен осы уақытқа дейін ештеңе табылған жоқ. Дрездендегі Вупперталь қаласының тасталған туннелінен германиялықтар әлі күнге дейін осы қазынаны іздейтін жалғыз ел. Екатерина II-нің жарлығымен жасалған флоренциялық “иіс пен жанасу” мозаикасы 1997 жылы Бременде табылды. 1997 жылы оны неміс билігі тәркілеп алды. Үш жылдан кейін Германияның Мәдениет министрі Михаэль Науман табылған фрагменттер мен ерекше янтарь жәшіктерін Ресейге тапсырды.
Бөлме әшекейлері біраз уақыт Кенигсберг қамалында болғандығы белгілі. Бірақ неміс армиясының шегінуі кезінде артефакт із-түссіз жоғалып кетті. Бүгінгі таңда бөлменің бірнеше фрагменттері, жәшік пен мозаика табылғанымен, қалған декорацияның орналасқан жері белгісіз.

Дайындаған А.ҚАЛДЫБАЙ

17 қазан 2020 ж. 1 057 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930