Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер бетіндегі ең жоғары температура

Жер бетіндегі ең жоғары температура

Әлемдегі ең ыстық ауа температурасы өткен жексенбіде тіркелді.


АҚШ-тың оңтүстік-батысында орналасқан Калифор­нияның Мохаве шөліндегі Ажал алқабында ауа температурасы 54,4 градусқа жеткен.
Лас-Вегастағы метеорологиялық қызмет бюро­сының метеорологы Дэниел Берктің айтуынша, ылғалдылық 7 пайызға дейін төмендеп, құрғақ ыстық болған. Тұрғындарға сыртқа шықпауға, шыққан жағдайда ыстықтан қорғануға кеңес берілді. Д.Берк сондай-ақ АҚШ-тың батыс бөлігіндегі ыстық ауа райы апта бойы жалғасатынын хабарлады.
Сарапшылар мұндай көрсеткіштің соңғы жүз жылда, тіпті ешқашан тіркелмегені мүмкін екенін айтады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым тарихта бұдан да жоғары ауа температурасының болға­нын мәлімдеген. Дегенмен, ауа райы маманы Крис­тофер Берт өз зерттеуі негізінде әлгі мәлімде­меге күдік келтірді. Оның айтуынша, ескі жазбаларда бақылаушының қателігі болуы ықтимал...
Климаттың өзгеруі жаһандық температураны жаңа деңгейге көтерді. Еуропада Солтүстік Испания шілдеде жергілікті ауа температурасының рекордын тіркеді, ал Францияда бидай алқаптары өртенді. Ресейде Сібір ормандарында бұрын-соңды болмаған орман өрттері орын алды.

19 тамыз 2020 ж. 990 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930