Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Кореяда ит асырауға тыйым салынды

Солтүстік Кореяда ит асырауға тыйым салынды

КХДР жетекшісі Ким Чен Ын республика тұрғындарына үйде ит асырауға тыйым салды, өйткені олар капитализмнің символы-мыс. Бұл туралы 17 тамызда The Daily Mail хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, 2020 жылдың шілдесінде Солтүстік Корея басшысы иттердің иелері енді заң бұзушы болып саналатынын мәлімдеді, өйткені бұл жануарлар "буржуазиялық идеологияның бұзылған тренді" деп жазады NSN.
Үй жануарларын асыраушылар иттерін елдегі азық-түлік жетіспеушілігін шешу мақсатында пайдаланады деп алаңдаулы. "Чосон ильбо" газетінің хабарлауынша, иттерді иелерінен тартып алып, мемлекеттік хайуанаттар бағына береді немесе ит етін пайданаланатын мейрамханаларға сатады.
Басылым бұл тыйым Пхеньянның орта тап өкілдері үшін тосын жағдай болғанын жазады. Әуелде республиканың ауқатты тұрғындары 1989 жылы Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалі қарсаңында Солтүстік Корея режимі әлсірегеннен кейін үйде ит асырай бастаған. Ит етінен жасалған тағамдар Оңтүстік Кореяда қазір аса танымал емес, ал Солтүстік Кореяда керісінше, сұранысқа ие.
БҰҰ ақпараты бойынша, КХДР халқының шамамен 60%-ы азық-түлік тапшылығы проблемасын бастан кешуде, бұл жағдай халықаралық санкцияларынан кейін одан сайын күрделене түскен. Коронавирус індетіне байланысты Қытай елімен шекара жабылғаннан кейін жағдай тіптен нашарлады. Ким Чен Ын мәлімдегендей, ұлт ешқандай сыртқы көмекті қабылдамайды және мәселелерімен өздігінен күреседі.
baq.kz
18 тамыз 2020 ж. 588 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930