Қашықтан жұмыс істеген адам
DirectlyApply жұмыс іздеу платформасының мамандары 25 жыл бойы үйде жұмыс істеген адамның қалай көрінетінін көрсетті. Фотосуреттер DirectlyApply сайтында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қара футболка мен жүрекшелер бейнеленген ұйықтайтын кезде киетін шалбары бар әйелдің макеті Сьюзен (Susan) деп аталады. Оның мысалын қолдана отырып, ғалымдар жұмысқа үзбей баруды тоқтатқан адамның келбеті қалай өзгеретінін көрсетті.
Мысалы, Сьюзен аз қозғалатын өмір салтына байланысты артық салмақ жинап алған, сондай-ақ, аяқ-қолы ісініп, екінші иегі пайда болған. Ол компьютерде көп жазатындықтан буындары зақымдалып, өсуі мүмкін. Сарапшылар кеңсеге баратындарға қарағанда қашықтан жұмыс істейтіндердің әжімдері көп екенін айтады.
Мамандардың айтуынша, үйде жұмыс істеу көп тамақтануға итермелейді, сондықтан макеттегі әйелдің ішін шығарып, еңісті иық жасаған. Сонымен қатар, компьютердің алдында үнемі отыру және серуендемеуге байланысты Сьюзеннің терісі бозарған және қызыл көздері, сондай-ақ олардың астындағы көгерген жерлері бар. Дәл сол себепті оның шашы түсіп қалған.
Сонымен қоса сарапшылар қашықтан жұмыс істегенде адам қоршаған ортамен аз араласатынын атап өтті. Олар бұл психологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін деп санайды.