Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Антисептикті қалай қолдану керек?

Антисептикті қалай қолдану керек?

Қолға дұрыс жағылған, себілген антисептик қана коронавирусты өлтіре алады. Ал дұрыс жағылмаған жағдайда, оның пайдасы аз. Бұл жайында АҚШ Індетті бақылау және алдын алу орталығының (CDC) сайтында хабарланған.
Спирт қосылған антисептик 30 секундта вирусты өлтіреді. Сондықтан оны сепкен кезде тез әрі дұрыс жағудың маңызы зор.
Мамандардың айтуынша, құрамында 80 пайыз этанол немесе 75 пайыз изопропил спирті бар антисептикті сатып алған жөн. Ал қолға сепкен кезде ең алдымен алақанға сеуіп, содан кейін саусақтың асты-үсті мен қолдың алды-артына жаққан дұрыс. Медиктердің айтуынша, спирт алғашқы 30 секундта өте уытты болады, сондықтан сол уақыт ішінде қолға, білектің асты мен үстіне, саусақтың ара-арасына жағып үлгеру керек.
Ал кір, май жұққан қолға себілген антисептиктен пайда азырақ. Антисептик пестицид, ауыр металл сынды химиялық заттарды ыдырата алмайды. Сондықтан қолды жуып барып, антисептик себеміз.
Ал дәрігерлердің бір ауыздан келетін нәрсесі – ол вирус пен микробтан сақтанудың оңай әрі тиімді жолы қол жуу екендігі. Қолды 20 секундт бойы сабындап жуу жеткілікті. Содан кейін шайып тастауға болады.
– Қолды таза ұстау – коронавируспен күресудің ең маңызды жолы – делінген хабарламада.
massaget.kz


22 маусым 2020 ж. 2 404 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031