Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фото өңдеуге арналған 5 қосымша

Фото өңдеуге арналған 5 қосымша

Instagram өміріміздің бір бөлшегіне айналып үлгергені қай уақыт. Бүгінде әлеуметтік желімен бизнес жасап, жұмыс істеп, блогер болып жүргендері қаншама. Егер сіз профиліңіз әдемі болғанын қаласаңыз, фото өңдеуге арналған мына 5 қосымшаны пайдаланып көріңіз.
1. Snapseed
Google жасаған бұл қосымшада сурет өңдеуге және түзетуге арналған 20-дан астам құрал бар. Егер фотоны түбегейлі өңдегіңіз келсе, Snapseed мобильді фоторедакторын қолданыңыз.
2. Adobe Lightroom CC
Бұл қосымша арқылы фотосуреттегі белгілі бір аумақты таңдап, өңдеуге болады. Сонымен бірге Lightroom түсті, жарықты өзгерту секілді көптеген параметрмен мақтана алады. Бұл қосымшаның басқалардан ерекшелігі, өзіңізге ыңғайлы пресет жасап, кез келген фотода дайынын қолдана бересіз. Желіде дайын пресеттер де баршылық. Ақылы нұсқасы айына 5 ғана доллар тұрады.
3. VSCO
VSCO қосымшасында сүзгілердің небір түрі бар. Тегін де, ақылы да нұсқасында сүзгілер өте көп.
4. Adobe Photoshop Express
Бұл – Photoshop-тың мобильді нұсқасы. Компьютердегі нұсқасымен салыстырғанда мүмкіндігі аз болғанымен, смартфон үшін ыңғайлы қосымшалардың бірі. Express деп аты айтып тұрғандай суретті оңай әрі жылдам өңдеп, түзеп, әдемілей аласыз.
5. PicsArt
Қосымшада суретті тек өңдеп қана қоймай, слайд-шоу және коллаж жасауға мүмкіндік бар. Фотоның бетіне мәтін жазуға, стикер не маска қоюға, әртүрлі эффект қолдануға болады.
massaget.kz
08 маусым 2020 ж. 1 088 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930