Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ешқашан сәннен шықпайтын 8 киім

Ешқашан сәннен шықпайтын 8 киім

Жаппай сатылымдардан үйіп-төгіп киім алуға болады, бірақ олар келесі маусымда-ақ жарамсыз болып қалуы мүмкін. Бірақ әр қыздың гардеробында ұзақ уақыт қызмет ететін бірнеше киім болуы тиіс.
1. Джинсы ешқашан ескірмейді және сәннен шықпайды. Сондықтан басты міндетіңіз – қолжетімді бағадағы өзіңізге жарасатын джинсыларды алып қою. Қонымды джинсының бірнеше артықшылығы бар: сымбатыңызды еселендіреді, балағын етікке салып қоюға ыңғайлы, спорттық бейне үшін кроссовкамен киюге болады, ал кездесулерге үстіңізге жарқын кофта киіп, биік өкшемен үйлестірсеңіз болады. Сондай әмбебап киім.
Ешқашан сәннен шықпайтын 8 киім
2. Кашемир жемпір. Кашемир жемпір киген сайын танамоншақ немесе басқа да әшекейлер тағып алыңыз. Сапалы, нағыз кашемир арзан тұрмайды, бірақ күтіп кисе ұзақ қызмет етеді. Кашемир заттар бүктелген күйі комод немесе гардеробта жақсы сақталады. Күйе көбелектен қорғау үшін арасына лаванда гүлдерінен саше салып қойыңыз және жылы суда арнайы жүн бұйымдарды жууға арналған сусабын немесе қосымшасын сабын ұнтағымен қолмен жууға тырысыңыз.
3. Бір ілгегі бар жұмсақ былғары жакет. Әр әйелдің гардеробында тым құрығанда бір былғары жакет болуы тиіс. Бұл классикалық үлгідегі пиджак болуы мүмкін немесе қысқа спорттық былғары күртеше де болуы мүмкін – дұрыс таңдалған үлгі бейнеңізді тартымды етеді. Былғары жұмсақ болған сайын бейнеңіз де биязы әрі сәнді бола түседі. Былғары жакет кең твид немесе ши барқыт шалбарлармен, классикалық джинсылармен жақсы үйлеседі.
4. Ұзын былғары етіктер. Қонышы кең классикалық ұзын етіктің пайдасы мол. Сыдырма ілгек пен иілгіш материалдан ендірме етікке шалбардың балағын салып қоюға мүмкіндік береді. Мұндай үлгідегі аяқ киімді сәнді букле шалбармен, қысқартылған шалбарлармен, сонымен қатар джерси көйлекпен киюге болады.
5. Былғары қол сөмкесі. Әрине, күнделікті ұстағанға арзанырақ нұсқасын да сатып алуға болады, бірақ біз бір рет былғарыдан жасалған сөмке алып қоюды ұсынамыз. Бұл шығын ақталатыны анық. Біріншіден, мұндай сөмкемен офиске де, іскерлік кездесуге де, мейрамхана, қала сыртына серуендеу, кездесуге, яғни кез келген жерге баруға болады. Екіншіден, егер қарапайым жақсы сөмке 10 жылдай қызмет етсе, онда сапалы былғары сөмке өмір бойы қызмет етуге дайын.
6. Сәнді тренчкот. Тренчкоттар мен қысқа плащтар ең үздік маусымдық сырт киім болып табылады. Ол күздің құбылмалы ауа райынан қорғап қана қоймай, сәнді әрі әдемі көрінуге мүмкіндік береді. Бұл классикалық сырт киім әрдайым өзекті, және оны түрлі киімдермен үйлестіруге болады. Сырт келбетті, сонымен қатар, шарф, сөмке, танамоншақ пен белдік сияқты түрлі жарқын аксессуарлармен түрлендіруге болады.
7. Классикалық туфли. Соңғы үлгідегі сәнді аяқ киімдерге қызығамыз. Бірақ, арнайы үлгідегі туфлилерге сән 50 жылда бір келеді. Оның орнына кез келген киіміңізге жарасатын бір-екі классикалық туфли алып қойған жөн. Олар аяғыңызда сәнді көрінеді әрі ешқандай жайсыздық тудырмайды.
8. Кардиган. Ретро стильдегі киімдер ішінде кардиган көшбасшылар қатарында. Кардиган жаздың салқын ауа-райында көмекке келіп, қарапайым көйлегіңізді құлпыртып жіберетін деңгейде. Кардиганға көзге түсетін әдемі танамоншақпен безендіруге де болады.
Ал сіз қандай киімдер ескірмейді деп ойлайсыз?
www.zharar.com
29 мамыр 2020 ж. 1 137 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930