Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантиннен күйбең тірлікке...

Карантиннен күйбең тірлікке...

Бірнеше ай бойы төтенше жағдайдың жариялануы әлем дамуына бірталай тежеу қойғаны рас. Карантин де әшейінде біраз уақыт үйде қалып, демалғысы келгендердің ығырын шығарып жіберді. Ендігі кезекте күллі адамзат үшін босқа өткізген мезгілдің, атқарылуы тиіс жұмыстың орнын толтыруға күш салу керектігі түсінікті. Бүгінде дамыған елдердің бір парасы індет жұқтырудың шарықтау шегіне жетіп, ақырындап жеңіс көкжиегіне жақындап келеді. Соған сай сақтық шараларына байланысты енгізілген шектеулер жеңілдетілген. Сонымен қай елде жағдай тұрақталды?
Чехия
Чех елі одақтас Еуропа елдері ішінде сәуірдің 27-сінен бастап өз азаматтарына шекарасын ашты. Бірақ елге оралғысы келген әрбір адамның қолында коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтамасы болуы міндетті. Әйтпесе екі апта уақытын үй каранатинінде өткізуі тиіс. Аталған күннен бастап елде көлемі 2,5 мың ш/м дейінгі дүкендер мен автомектептердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Ал жоғары оқу орындары әр кабинетте 5 адамнан аспайтын студенттерді оқытуын жалғастырады.
Швейцария
Елдегі ахуалды қалыпқа келтіре білгендердің бірі – Швейцария. Мұнда 28 сәуірден бастап шаштараз, физиотерапев, сонымен бірге қызмет көрсетуші салалардың жұмысы жолға келтірілді. Билік мектептерді мамырдың орта тұсына қарай ашуды жоспарлап отыр. Алайда көңіл көтеру орындары мен ресторандар маусым айының 8-іне дейін жабық күйінде қалады.
Австрия
Бұл мемлекетте тұрғындар көбірек мұқтаж сервистер мамыр айының бірінші күнінен бастап кезең-кезеңімен ашыла ­бастайды. Белгілі шектеулермен мейрамханалар да келушілерді қабылдауына болады. Бірақ кешкі 23:00-ден кейін қуаныш иелері мерекені үйлерінде жалғастырады. Жағдай бақылауға алынды дегенмен, адамдарға медициналық бетпердесіз жүруге, шамадан тыс шоғырлануға рұқсат етіле қойған жоқ.
Литва
Литвалықтар алдағы дүйсенбіні асыға күтіп отыр. Өйткені сол күннен ­бастап сұлулық салондары мен бірқатар көпшілік нысандар клиент қабылдауға кіріседі. Бұдан бөлек гольф, теннис сияқты көрермені мен ойыншысы аз спорт түрлеріне шектеу шешілді. Жануарлар мен табиғатты тамашалауды жаны сүйетіндерге де қуанышты жаңалық бар. Аптаның басында хайуанаттар мен өсімдіктер бағы жұмысын бастайды. Кеше ел билігі барлық дүкендерді, оның ішінде сауда орталықтарындағы нүктелерді де іске қосқан еді.
Нидерланд
Мұнда 11 мамырдан бастап балаларға қатысты шектеулер алынып тасталады. Балабақшалар мен бастауыш сыныптар «жартылай» күшпен жұмысқа кіріседі. Онда да бір сынып оқушылары бірнеше топқа бөліп, індет жұқтыру қауіпсіздігін сақтау қатаң бақыланады. Орта және жоғары сынып оқушылары маусым айының басынан бастап мектепте білім алуды жалғастырады.
Испания
Испан жұртшылығы әлем бойынша карантин режимін жеңілдеткен алғашқылардың бірі. Мұнда сәуірдің 26-сынан бастап 14 жасқа дейінгі балаларға да ешбір шектеусіз көшеге шығуға рұқсат етілді. Ел үкіметі олардан ертеректе салынған тыйымдар үшін ресми түрде кешірім сұрады.
Қазақстан
Тәжді вирустың таралуына ерте бастан қамданып, қауіпті тұсаулай білгендердің тізімінде Қазақстан да бар. Вирус ошағы саналатын Қытай елі шекаралас жатса да билік біраз уақыт елді аман-сау сақтап отырды. Екі айға жуық уақыттан кейін төтенше жағдайдың аяқталатын мерзімін мамырдың ортасына дейін созды. Оған дейін карантин режимі жұмсарып, көптеген кәсіпкерлік нысандар мен көлік пен жүргіншілер қозғалысын ретке келтіреді.
Білім беру ісі қашықтан оқытыла береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, ұстаздар мен оқушылар жаңа жүйеге үйреніп қалды. Сондай-ақ ата-аналар тарапынан ескертулер мен арыз-шағым түспеген. Соған қарағанда оқу жылы онлайн оқытумен аяқталатынға ұқсайды.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
05 мамыр 2020 ж. 857 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031