Холестериннен қалай сақтанамыз?
Холестерин – қан құрамында болатын заттардың ең негізгісі. Қандағы холестерин екі түрлі жолмен келеді. Бірі – азық-түліктен, екінші түрі – адам асқазанындағы азықтардың қорытылуынан. Көбіне мал бауыры, жұмыртқа, сүт және ет тағамдарын көп тұтынудан холестерин пайда болады. Өсімдіктерден болған азықтарда холестериннің мөлшері аз болады.
Холестерин қан тамыры ішіндегі жасушаларды өзгеріске ұшыратады. Қанның ішіндегі тұнбалардың көбеюі мен холестериннің жоғарылауы түрлі ауруларды қоздырады.
Холестериннің негізі пайда болу себептеріне — майлы және ет тағамдарын көп тұтыну жатады. Тұзды тағамдарды көп қолдану денедегі холестериннің ыдырап кетуін баяулатып, қан құрамындағы холестериннің жоғарылауына алып келеді. Қандағы холестериннің артуының 30-40%-ы күнделікті тұтынатын азық-түліктердің әсерінен, 20-30%-ы адамның бауыр қызметінің қалыпты жұмыс істеуіне байланысты болады. Әдетте, зат алмасу арқылы холестерин адам ағзасынан үздіксіз сыртқа шығып отырады. Егер холестеринді сыртқа шығарушы ағзаның бір бөлігінде ауру пайда болса, онда холестерин топталып, адам денесінде жиналады. Сол арқылы адам ағзасында холестериннің себебінен болатын аурулар пайда бола бастайды. Ауру алғашында бауырға әсер етіп, оның қызметіне нұқсан келтіреді. Тамырдың ішкі бүйіріндегі холестериннің жоғарылауы қантамырлар түтіктерін қарайтады.
Соның себебінен бүйрек қан қысымы мен жүрек қан қысымы жоғарылайды. Сонымен қатар май алмасудың бұзылуы, темекі тарту, артериалды гипертензия, семіздік, алкогольді ішімдікті көп қолдану, қант диабеті, күйзеліс (стресс) контрацептивті дәрілерді ұзақ қолдану қан майласуға алып келеді. Жоғарыда аталған факторлардың әсерінен қан тамырдың ішкі қабатына холестерин сіңіп, май табақшалары пайда болады да, қан тамырларының тарылуына алып келеді. Тромбоциттер жабысып, тромб пайда болып, ишемияға немесе зақымдалған мүшенің некрозына алып келеді.
Холестериннің клиникалық белгілері
Науқастың қан қысымы көтеріледі, басы ауырып, ми қан тамырлары тосылады, желке-мойын омыртқаларындағы мүшелер ауырады. Көз түбіндегі қан тамырлардың тосылуынан көздің кенеттен көрмей қалуы, көздегі қан қысымының жоғарылауы, хондроз сынды көптеген аурулар ағздағы холестериннің көптігінен пайда болады. Науқастың ауруға қарсылық қуаты әлсіреп, бауырдың қан жасау үрдісі төмендейді, сол арқылы көкбауырдың қан сақтауы бұзылады. Ағзалардың қалыпты жұмыс істеуі нашарлап, науқас шектен тыс семіреді, денені артық май басудан жүрек қыметі бұзылады.
Аурудың алдын алу жолдары
Ұннан жасалған тағамдар мен нан өнімдерін көп тұтынбау қажет. Себебі нан өнімдерінің көпшілігінің калориясы өте жоғары болып, холестериннің көбеюіне себепші болады. Ұн тағамдарын күніне 400-600 грамм мөлшерінде тұтынған дұрыс. Ет, жұмыртқа, бұршақ өнімдері, сол секілді ақуызы көп тағамдарды аз тұтыну керек. Ет пен балық өнімдерінің мөлшері күніне 100 грамнан, бұршақ 50 грамнан, жұмыртқа 1-2 данадан, ал сүт 1-2 стақаннан аспағаны дұрыс. Майлы тағамдарды да аз тұтынған дұрыс. Өйткені мал етінің майы холестериннің мөлшерін көбейтеді. Көкөністі көбірек тұтыну пайдалы. Балдыркөк (сельдерей), орамжапырақ, алма, банан қатарлы жемістерді тамақ орнына үзбей пайдалану холестериннің тез қорытылып, денеден шығып кетуіне ықпал етеді. Сондықтан күн сайын 400 грамм мөлшерінде жаңа жеміс-жидектер жеп отыру керек. Адам ағзасы күн сайын 200 грамм көкөніс тұтынуды қажет етеді. Өсімдіктерден өндірілген майды пайдалану холестеринді көтермейді. Құнарлы тамақтан кейін бір сағат өткенде бір-екі алма жеген дұрыс. Ол денедегі майдың ыдырап, шығып кетуіне көмектеседі. Жоғарыдағы тағамдармен қоса, холестеринді жоғарылатпаудың тағы бір жолы – майлылығы төмен айран, қымыз секілді сусындарды көп ішу. Сонымен қатар адам дене әрекетімен көп шұғылданғаны дұрыс, қимыл арқылы шыққан тер денедегі тұздарды, холестеринді тездетіп сыртқа алып шығады. Осылай жан-жақты күтінсе, адам денеге қажетті холестерин мөлшерін қалыпты сақтай алады.
Емдеу жолдары
Холестеринді емдеудегі алғашқы саты – қанды тазалау. Осы арқылы адам денесінде жиналып қалған майдан арылуға болады. Денедегі холестерин мен ағзадағы басқа да қалдықтарды тазалау үшін, науқас таңғы сағат 7-де ұйқысынан тұрғаннан кейін жарты сағат ішінде 2 литр қайнаған жылы суға бір ас қасық тұзды араластырып ішуі керек. Тұзды суды ішкеннен кейін науқастың іші жүре бастайды. Содан кейін 3 литр алма немесе лимон шырынын ішеді. Осылайша бір күн бойы тамақ ішпей, шөлдесе лимон мен алма шырынын ішіп, кешкі жетіге дейін асқазанның тазалығын сақтап, жетіден тоғызға дейінгі 2 саған ішінде зәйтүн майының (оливковое масло) 200 гр ішуі керек. Сосын 5 дана лимонды сығып (200гр) сығып, шырынын ішеді.
Жатар кезде ыстық грелканы дайындап, 2-3 сағат бауырының тұсына қояды. Осы аралыққа дейін ештеңе жеуге болмайды. Таңертең тұрғаннан кейін тағы да 2 литр тұзды су ішіп, ішін тазалап, содан соң аздап жеміс-жидек, шай, айран ішуге болады немесе айранның сары суын әр күні таңертең 150 гр мөлшерінде ішіп отыру керек. Осылайша 3 жыл бойы 21 күнде бір рет қайталап тұрған тазалаудан кейін адам түрлі қалдықтардың (шлактардың) шығып жатқанын өзі де байқайды.