Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » HR Enbek порталында еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы іске қосылды

HR Enbek порталында еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы іске қосылды

Енді жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.
HR Enbek порталында еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы іске қосылды
Фото: iStock
2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер күшіне енеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған байланысты HR Enbek порталында (hr.enbek.kz) жұмыскерлер өзекті емес мәліметтерді өз бетінше түзету үшін сұраным жібере алады. Жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.
Сұранымды қалай жіберуге болады:
  1. enbek.kz порталындағы жеке кабинетке кіру;
  2. «Электрондық еңбек кітапшалары» модуліне өту;
  3. Тиісті еңбек шартын таңдап, әрекетті көрсету: «Редакциялау», «Жою» немесе «Тоқтату»;
  4. Форманы толтырып, сұранымды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою.
Өтінім «Түзетуге арналған сұранымдар» қосымша бетінде көрсетіледі, онда өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.
Жұмыс берушіге сұранымды қарауға 3 жұмыс күні беріледі. Жауап болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде уәкілетті органға жолданады.
Аталған функционал цифрлық форматта еңбек тарихының дұрыстығын сақтауға, еңбек өтілінің дұрыс көрсетілуіне ықпал етеді және жаңартылған заңнама жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғайды.
30 наурыз 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031