Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус шаш арқылы жұға ма ? - Дәрігер жауабы

Коронавирус шаш арқылы жұға ма ? - Дәрігер жауабы

Санитар дәрігерлер коронавирустың шаш арқылы жұғатыны туралы WhatsApp-та тарап жатқан хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Соңғы күндері WhatsApp пен әлеуметтік желілерде коронавирустың шаш арқылы жұғатыны туралы аудиохабарламалар тарап жатыр. «Жұмыста жиналыс өтті. Вирус шаш арқылы тез тарайтындықтан бізге орамал тағу керегін айтты. Сосын қытайлық дәрігерлер келді. Келе салысымен бізге ескерту жасады, себебі біз орамалсыз, бас киімсіз отырдық. Қытайда тіпті шашын тақыр қылып алып тастап жатыр» дейді белгісіз әйел аудиохабарламада.
Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев бұл мәліметті растады. Дәрігердің айтуынша, инфекция шашқа кіріп кеткен соң бірнеше сағат ішінде вирус адамға жұғады. Ол өзі ештеңе сезбеуі мүмкін. «Қолғап, маска, көзілдірік тағып, санитайзерлерді қолданып, қолды жиі жуудан бөлек үнемі бас киім киіп жүру қажет. Әсіресе адам көп шоғырланған жерде. Шашы жайылған адамда инфекция жұқтыру қаупі жоғары», - дейді Қауметбаев.

06 сәуір 2020 ж. 741 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930