Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең соңынан өлетін ағза белгілі болды

Ең соңынан өлетін ағза белгілі болды

Өлім – құпиясы ашылмаған жұмбақ құбылыс. Соған қарамастан адам баласы есте жоқ ерте заманнан бұл құбылыстың астарына үңілуге талпыныс жасап келеді.

Кейінге кезде медицинаның жетістіктеріне байланысты сәл де болса бұл құбылыстың астарына саңылаудан сәуле түсіргендей болып, емексіткен шындықтың титтей пұшпағына қол жеткізген ғалымдар адам жан тәсілім еткенде бір мезетте өліп кетпейтінін, яғни, «біртіндеп» өлетінін алға тартып отыр. Жан тапсыру кезінде организмнің қызметімен байланысты сезімдер адамның соңғы сәтіне дейін болады. Мұның бәрі ми қызметінің бірден тоқтап қалмауымен тікелей байланысты. Нью-Йорк университеті жанындағы Лангон медициналық орталығының ғалымдары анқытағандай, адамның жүрегі толық тоқтағанымен миы белгілі бір уақытқа дейін тірі болады. Бұл сәтте бақилық болған адам өзінің өлгенін түйсінеді. Түйсініп қоймай, төңірегінде не болып жатқанын да сезеді. Клиникалық өлімді бастан кешкендер жүрегі тоқтап қалғанымен дәрігерлердің не дегенін, тіпті, есінде сақтап қалғандары да бар. Дәлел ретінде дәрігерлердің нақты не дегендерін сөзбе-сөз қайталап бергендері де болған. Сэм Парниа есімді профессор бастаған америкалық ғалымдар тобы өлімді констатациялағаннан кейін де мидың қызметі тоқтамағанымен адам сыртқы әсерлер мен факторларға жауап қата алмайды, тіпті, саусағын да қимылдата алмайды. Бақилық болған адам өзінің тәнінде бейнелеп айтқанда «тұтқынның» халін кешеді. Яғни, қапаста қалғандай болады. Содан соң тәнін тастап шығады. Десе де ол бұл аралықта төңірегіндегілерді естіп-біліп жатады. Қадірменді профессордың бұл гипотезасы қаншалықты рас? Өкінішке қарай, бұл сауалға нақты жауап бере алмаймыз. Десе де ғалымдардың бұл бағыттағы келесі тұжырымдарына үңіліп көрсек, «өлім факторына» қатысты біраз сырға қаныға аламыз. Америкалық жүрек қауымдастығының мамандары Канададағы Батыс Онтарио жоғарғы оқу орнының ғалымдарына сілтеме жасай отырып мәлімдегендей, жүректің тоқтауы – өлімнің алғашқы кезеңі. Бұл аралықта бақилық болған адамның өзге сезім мүшелері қызметін тоқтатпайды. Алайда, қарқындылығы бәсеңдейді. Яғни, тізбекті реакциядан ми жасушалары бірінен кейін бірі өле бастайды және бұл процесс біршама уақыт алады. Құдыстағы Haddassah емханасының дәрігерлері суішкілігі таусылуға жақын қалған пациенттердің денсаулығының жай-күйін бақылай келе естеліктерге жауапты ми бөлігі соңынан өледі.
Яғни, оттегі мен қанның жетіспеушіліген өледі. Сондай-ақ, ғалымдар беті бері қарамайтын адам ажал жастығына бас қояр алдында ең алдымен иіс сезу қабілетінен айырылатынын көлденең тартып отыр.
Швед ғалымдары осы орайда мынадай ескерту жасаған еді: иіс сезу қабілетін жоғалтқан адам мұндай өзгерістен секем алып, дәрігерге қаралуы тиіс. Стокгольм университетінің ғалымдары ондаған ылдарға созылған зерттеу барысында тәжірибеге өз еркімен қатысқан жасы 40-90 аралығындағы адамдарды бақылап, ұдайы қадағалаған болатын. Оқтын-оқтын оларға 13 иіс түрін ажыратуға тест тапсыртып тұрған. Талай жылға созылған (бұл аралықта тәжірибеге қатысқандардан талай адам бақилық болып кеткенін ескере отырып) зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, ғалымдар мынадай тұжырымға келген: тесті дұрыс тапсырмау, яғни, иісті ажырата алмау өлім қатерінің сегіз пайызға артқанын аңғартқан болатын. Йонас Олофссон – дәрігер, аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен ғалым.
Оның айтуынша, бұл зерттеудің әу баста мақсаты иіс сезу қабілеті мен ақыл-ес ауытқуы арасында қандай да бір байланыстың барын немесе жоғын анықтауға саятынын тілге тиек еткен екен. Мұндай байланыстың жоғы белгілі болды. Алайда, осы зерттеу барысында басқа жаңалықтың үстінен кездейсоқ түскен: иіс сезу қабілетін жоғалту мен өлім қатері арасындағы байланыстың барына көз жеткізген. Бұл төңіректегі деректер америкалық гериатрлық қоғамдастығының Journal of the American Geriatrics Society мерзімді басылымында жарияланған болатын. Қандай да бір аурудан ми жасушасында пайда болатын (?) иіске жауапты жүйке бөлігін зақымдайды.
Десе де щвед ғалымдары иіс қабілетінің жоғалуын тікелей төніп келе жатқан ажалдан хабар бермейтінін, көбіне мұндай жағдай синусит дертімен байланысты орын алуы мүмкін екенін де ескертеді. Сол себепті де иіс сезу қабілетіңізден айырылсаңыз, сағыңыз сынып, салыңыз суға кетпесін. Кезінде «Қалай өлеміз?» деген тақырыппен кітап жазған Дженни Диар есімді америкалық тілші ғалымдар мен дәрігерлердің келтірген мәліметіне сүйене отырып, адам жан тапсырғанда алдымен көру қабілетінен, содан соң иіс сезу қабілетінен, артынан есту қабілетінен айырылатынын жеткізген.
28 наурыз 2020 ж. 902 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 57

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 50

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930