Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңажылдық кешке арналған шаш үлгілері

Жаңажылдық кешке арналған шаш үлгілері

Жаңа жыл да жақындап қалды. Корпоративті отырыстар, достармен кездесу немесе отбасылық дастархан – әр қыз барлық мерекеде әдемі көрінгісі келеді. Ең қарапайым көйлектің өзін шаш үлгісі арқылы ерекше етуге болады. Сондықтан жаңажылдық кешке арналған шаш үлгілеріне идеялар ұсынамыз.
Моншақтар
Кез келген шаш үлгісін моншақтар арқылы мерекелі етуге болады. Ол, әдетте, моншағы бар түйреуіш ретінде сатылады. Биыл інжу тастары бар әшекейлер сәнде болғанын білеміз. Шаш үлгісі стильді көрінуі үшін әр түрлі өлшемдегі моншақтары бар түйреуіштер алыңыз. Оларды шашыңызға ретті немесе ретсіз түрде де тағуға болады. Жылтыр Жылтырсыз мереке бола ма? Шаш үлгісіне арналған жылтыры бар лактар мен спрейлер болады. Тіпті, оның түрлі түсті түрлері де кездеседі. Бір күн мұндай құралды қолданған шашқа зиянын тигізе қоймайды.
Шашты төменге буу
Минимализмді жақсы көретін қыздарға шашты тегіс етіп төменге бууды ұсынамыз. Ол кез келген киім үлгісіне жарасады және нәзік әрі ұстамды көрінеді. Шашқа сақина тағу Осы жылдың бір тренді – шашқа дөңгелек әшекейлер өткізу. Шашты өре отырып, арасына дөңгелек әшекейлерді өткізіп отыру керек. Бұл шаш үлгісі уақыт алуы мүмкін және өзіңізге жасау қиынға соғады. Сондықтан осындай әшекейлерді сатып алып, шашты жақсы өретін құрбыңызға немесе шаш маманына барыңыз.
Түйреуіштер
Түйреуіштер әлі де сәннен шыққан жоқ. Түйреуіштермен шашты қыстырып қана қоймай, оны безендіруге болады.
massaget.kz
08 желтоқсан 2019 ж. 5 520 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 70

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 70

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 69

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 64

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930