Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдерге мынадай ерлер ұнайды

Әйелдерге мынадай ерлер ұнайды

Әйелдерге жай ғана "жаман жігіттер" емес, психопат мінезді ер адамдар ұнайды. Арнайы зерттеу жүргізген Канададағы Брок университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келген, деп жазады The Daily Mail.
Зерттеу кезінде 108 әйелге әртүрлі ер адамдар түсірілген қысқа видеороликтер ұсынылған. Содан кейін мамандар нәзік жандылардан "осы жігіттердің қайсысымен кездесуге барар едіңіздер?" деп сұрайды. Ал ер адамдар психопатиялық ауытқушылықтар, интеллект деңгейі, әйелдерге көзқарасы және әлеуметтенуге қабілеті бойынша тест тапсырады.
Сонымен, зерттеу қорытындысы бойынша көп әйелге ұнаған жігіттердің психопатиялық ауытқушылықтар бойынша тапсырған сынақтан жоғары ұпай жинағаны белгілі болды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай ер адамдар сабырлы, өз-өзіне сенімді болады және керек уақытта керек сөз айта біледі.
"Психопатиялық ерлердің әйелдерді өзіне тарта алатын қасиеті бар. Олар өз-өзіне өте сенімді, әйелдің назарын өзіне аудару үшін не істеу қажеттігін нақты біледі. Мұндай ер адамдардың түпкі мақсаты – көңіл көтеріп, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру. Осындай психопаттан зардап шекпеу үшін адамдармен жақынырақ танысуға кеңес береміз", - деп мәлім етті зерттеушілер.
Мамандардың айтуынша, психикалық ауытқулары бар ер адамдар түрмеде күзетші әйелдердің басын айналдырып алады екен, бірақ мұндай сотталушылар әдетте ең қатыгез болып келеді.
sputniknews.kz



23 қазан 2019 ж. 733 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930