Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Несібе мол болсын дегендер ескерсін

Несібе мол болсын дегендер ескерсін

Әр отбасының өзіндік қағидасы, ұстанымы болады. Сіңлім мені сұрақтың астына алғанға дейін барлық отбасы біз сияқты өмір сүреді деп ойлаушы едім. Әр айдың басында жоспар жасап, жалақыны рет-ретімен бөліп, белгілі бір мақсатқа жұмсау әр үйдің ісі сияқты еді маған. Сөйтсем бәрі басқаша екен. Бүгін мен сіздермен өз отбасымның табысын қалай жұмсайтынының кішігірім құпиясымен бөлісемін. Сыр-сандығымды ақтаруыма сіңлім Қарлығаш себеп болды.
«Жездеме ризамын. Менің де жолдасым осындай болса ғой, шіркін. Отбасына шын берілген, анасын қатты құрметтейді, сізді аялайды, балаларын басына көтеріп жүреді. Не деген ғажап жан! Сіздер де айлыққа жұмыс істейсіздер. Қашан келсем мұздатқыш толы ет, тоңазытқыштың есігін ашсаң маркетке кіргендей боласың. Қазаныңыз үнемі қайнап тұрады, дастарханыңыз толы тағам. Бірақ біреуден қарыз сұрамайсыз, банкте кредитіңіз де жоқ. Өзіңіздің баспанаңыз бар. Әр балаңыздың атына шот ашып қойғансыз. Біздің үйде ата мен әжем зейнетақы алады, әкем мен анам айлық алады. Сонда да жетпей жатады ғой?! Сіздер осының бәріне қалай жеткізесіздер, а? Құпияңызбен бөлісіңізші, бауырыңызбын ғой», - деп қиылды Қарлығашым.
Сіңлімнің сұрағын жауапсыз қалдырғым келмеді.
«Иә, жолдасым екеуміз де жұмыс істейміз. Балаларымыз әлі жас. Үлкендері бастауыш сыныпта оқиды, кішкентай екеуі балабақшаға барады. Біздің де шығынымыз шаш-етектен болмаса да, әжептеуір қаржыны талап етеді. Алайда тиынға тиын қоссаң, теңге болады. Мақсатпен жұмсасаң, басы құралады емес пе?!
Өзгелер секілді біз де айдың басында қойын дәптерімізге жоспар жазамыз. Үйдің коммуналдық шығыны, балабақшаның төлемі, балалардың қосымша үйірмелері, қажетті азық-түлік... Бұлар ай сайын міндетті түрде төленетін дүниелер. Қалған қаржының да есебін табамыз. Ақшаны осылай жаратамын деген елден ерекшелігіміз жоқ. Бірақ жолдасым айлық жалақы алған кезде міндетті түрде жасайтын үш дәстүрі бар. Бұл оның бұлжытпай орындайтын міндетіне кірген.
Бірінші, айлығынан міндетті түрде нан алады. «Нан – астың атасы» деп өскен ұрпақпыз. «Нан болса ән де болады» дейді қазақ. Нан үйге ырыс, құт, береке алып келеді. Өйткені қазақтың дастарханы нансыз жайылмайды. Босағадан аттаған қонаққа да, бір уаққа кірген кісіге де наннан ауыз тигізесің. Наннан ешкім үлкен емес. Сондықтан да астың төресі саналатын нанды айлықтың берекесін береді деп сенеміз.
Екінші, анасына сый алады. Оның бағасы маңызды емес. Айлық алған күні енеме гүл ұсынады. Ұлынан сыйлық алған енем ақ батасын беріп, алақан жайып Алладан амандығын сұрайды. Табысының еселенгенін, абыройының асқақтағанын, отбасының тыныштығын тілейді ана жүрегі. «Ата-ананың разылығы, Алланың разылығы» деген сөзді өзіне серік еткен жолдасым.
Үшінші, балаларды қуантады. Үйдегі Алланың бере салған кішкентайларына шағын болса да сыйлық әкеледі. Есіктен кіре салысымен жарыса жүгіріп шыққан балаларына мынау саған, мынау саған деп бірдей үлестірмейді. Сыйлықты беруді қыздарымыздан бастайды. Алдымен үлкен қызымызға береді. Ол әкесінің мойнынан құшақтап, бетінен сүйеді. Сөйтіп алғысын айтып, Алладан несібеміздің мол болғанын сұрайды. Сосын кішкентай қызымыз өз сыйлығын алады. Ол да әпкесінің әрекетін қайталап, Алладан отбасымыздың амандығын сұрап, кішкентай алақандарымен бетін сипап, әумин дейді. Сонан соң ұлдарға кезек келеді. Олар да өз ретімен алғыстарын жаудырып, тілегін айтады.
Міне, осы үш қадам біздің несібемізді молайтып, шаңырағымызды шаттыққа кенелтіп отыр деп ойлаймын» деп құпияммен бөлістім.
01 қазан 2019 ж. 1 879 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930